Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

89
Бейнефильмдер
Бейнефильмді жазудың жəне бейнефильмді ойнатудың негізгі əрекеттері
Бейнефильм кадры
Бейнефильм кадрын көрсету үшін орнату мəзіріндегі
Monitor settings (Монитор
параметрлері)
ішіндегі
Photo info (Фотосурет туралы мəлімет)
параметрін
Movie
frame+auto info (Бейнефильм жақтауы+автоматты мəлімет)
(
A
147) параметріне
орнатыңыз. Жазуды бастамас бұрын кадрдағы бейнефильм ауқымын тексеріңіз.
Бейнефильмде жазылған аумақ бейнефильм мəзіріндегі
Movie options (Бейнефильм
опциялары)
немесе
Movie VR (Бейнефильмнің дірілін азайту)
параметрлеріне
байланысты өзгереді.
Бейнефильмді жазудың максималды уақыты
Жеке бейнефильм файлдары ұзақ уақыт жазуға арналған жад картасында жеткілікті бос орын болса да,
көлемі 4 Гб мөлшерден жəне 29 минуттық ұзақтықтан аспауы қажет.
Бір бейнефильмге арналған қалған жазу уақыты суретке түсіру экранында көрсетіледі.
Егер фотокамера температурасы көтеріліп кетсе, жазу шегіне жетпестен аяқталуы мүмкін.
Нақты қалған жазу уақыты бейнефильмнің мазмұнына, нысан қозғалысына немесе жад картасының
түріне байланысты əр түрлі болуы мүмкін.
Speed Class 6 немесе одан жоғары дəрежелі карталар бейнефильмдерді жазу үшін ұсынылады
(
Movie options (Бейнефильм опциялары)
d
2160/30p
(4K UHD) немесе
c
2160/25p
(4K UHD) параметріне орнатылғанда, UHS Speed Class 3 немесе одан жоғары дəрежелі карталар
ұсынылады), одан баяу карталарды пайдалану жазудың тоқтатылуына əкелуі мүмкін.
Фотокамераның ішкі жадын пайдаланған кезде, бейнефильмдердің сақталуы біраз уақыт алуы
мүмкін.
Арнайы
Movie options (Бейнефильм опциялары)
параметрлерін қолданған кезде, бейнефильмді
ішкі жадта сақтау немесе оны жад картасынан ішкі жадқа көшіру мүмкін болмайды.
B
Фотокамера температурасы
Ұзақ уақыт бойы бейнефильмдерді жазған кезде немесе фотокамера ыстық аумақта қолданылған
кезде фотокамера қызып кетуі мүмкін.
Фотокамераның іші бейнефильмдерді жазу кезінде шамадан тыс қызып кетсе, фотокамера жазуды
автоматты түрде тоқтатады. Фотокамера жазуды тоқтатқанға дейін қалатын (
B
10s) уақыт мөлшері
көрсетіледі.
Фотокамера жазуды тоқтатқаннан кейін, ол өздігінен өшеді.
Фотокамераның ішкі жағы суығанша фотокамераны өшіріп қойыңыз.