Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
90
Бейнефильмдер
Бейнефильмді жазудың жəне бейнефильмді ойнатудың негізгі əрекеттері
Бейнефильмді жазу бойынша ескертпелер
B
Кескіндерді немесе бейнефильмдерді сақтау бойынша ескертпелер
Қалған экспозициялар санын көрсететін индикатор немесе қалған жазу уақытын көрсететін индикатор
кескіндер немесе бейнефильмдер сақталып жатқан кезде жыпылықтайды.
Индикатор жыпылықтаған
кезде батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны не жад
картасын
шығармаңыз. Олай жасау деректердің жоғалуына немесе фотокамераның не жад
картасының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
B
Жазылған бейнефильмдер бойынша ескертпелер
•
Масштабтау индикаторы бейнефильмді жазу кезінде көрсетілмейді.
•
Сандық масштабтау функциясы пайдаланылған кезде кескін сапасы біршама нашарлауы мүмкін.
•
Жарықтық өзгертілген кезде, масштабты таңдау операциясының, автофокустау линзасын жүргізу
қозғалысының, дірілді азайтудың жəне апертура операциясының дыбыстары жазылуы мүмкін.
•
Бейнефильмдерді жазған кезде мониторда келесі құбылыстар көрінуі мүмкін. Бұл құбылыстар
түсірілген бейнефильмдерде сақталады.
- Флюоресцент, сынап буы немесе натрий буының жарығы əсерінен кескіндерде жолақтар байқалуы
мүмкін.
- Қозғалыстағы поезд немесе автокөлік сияқты кадрдың бір жағынан екінші жағына жылдам
қозғалатын нысандар қисық болып көрінуі мүмкін.
- Фотокамера панорамаланған кезде бүкіл бейнефильм кескіні қисық болып кө
рінуі мүмк
ін.
- Фотокамера қозғалған кезде жарық немесе басқа ашық аумақтар қалдық кескіндерде қалып қоюы
мүмкін.
•
Нысанға дейінгі қашықтыққа немесе қолданылатын масштабтау мөлшеріне байланысты,
бейнефильмдерді жазу жəне қарау барысында үлгілері қайталанатын нысандарда (маталар,
жалюзилер, т.б.) түрлі-түсті жолақтар пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдай нысандағы үлгі мен кескін
сенсорының құрылымы бір-бірімен əсер еткен кезде пайда болады, ол - ақаулық емес.
B
Бейнефильмді жазу барысында дірілді азайту бойынша ескертпелер
•
Бейнефильм мəзіріндегі
Movie VR (Бейнефильмнің дірілін азайту)
(
A
136) параметрі
On (hybrid)
(Қосулы (гибридтік))
күйіне орнатылғанда, көрініс бұрышы (яғни кадрда көрінетін аумақ)
бейнефильмді жазу кезінде тар болады.
•
Жазу кезінде фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдалану кезінде бұл функциядан туатын
қателерді болдырмау үшін
Movie VR (Бейнефильмнің дірілін азайту)
параметрін
Off (Өшірулі)
күйіне орнатыңыз.
B
Бейнефильмді жазуға арналған автофокус бойынша ескертпелер
Автофокустау күткендегідей орындалмауы мүмкін (
A
69). Ондай жағдай орын алса, келесі əрекеттерді
орындаңыз:
1. Бейнефильмді жазуды бастамас бұрын бейнефильм мəзірінде
AF area mode (АФ аумағының
режимі)
режимін
Center (Ортасы)
параметріне жəне
Autofocus mode (Автофокус режимі)
режимін
Single AF (Əр кадр бойынша АФ)
параметріне (əдепкі параметр) орнатыңыз.
2. Мақсатты нысан сияқты фотокамерадан бірдей қашықтықта орналасқан басқа нысанды кадрдың
ортасына алыңыз, жазуды бастау үшін
b
(
e
) түймешігін басып, кадр жиектемесін өзгертіңіз.










