Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
102
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге жалғау
Кескіндерді пайдалану
SnapBridge қолданбасын түсірілген кескіндерден жақсы əсер алу үшін пайдаланумен қоса,
фотокамераны төменде сипатталған құрылғыларға жалғау арқылы кескіндерді əр түрлі
жолдармен пайдалануға болады.
B
Фотокамераға кабельдерді жалғау бойынша ескертпелер
•
Кабельдерді жалғау немесе ажырату алдында фотокамераны өшіргеніңізге көз жеткізіңіз. Ашалардың
пішіні мен бағытын тексеріңіз жəне ашаларды қисайтып кірістірмеңіз немесе алмаңыз.
•
Фотокамера батареясының жеткілікті түрде зарядталғанына көз жеткізіңіз. Егер айнымалы ток
адаптері EH-62F (бөлек сатылады) пайдаланылса, бұл фотокамераны ток розеткасы арқылы қосуға
болады. Қандай жағдай болмасын, EH-62F адаптерінен басқа айнымалы ток адаптерін
пайдаланбаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе
зақымдалуына əкелуі мүмкін.
•
Байланыс əдістері жəне келесі əрекеттер туралы қосымша ақпаратты құрылғымен бірге берілетін осы
құжатқа қосымша құжаттамадан қараңыз.
Кескіндерді пайдалану
Кескіндерді теледидарда қарау
Фотокамерамен түсірілген кескіндерді немесе бейнефильмдерді теледидарда
қарауға болады.
Байланыс əдісі: Сатып алуға болатын HDMI кабелін теледидардың HDMI кіріс
ұяшығына жалғаңыз.
Кескіндерді компьютерсіз басып шығару
Фотокамераны PictBridge құрылғысымен үйлесімді принтерге жалғайтын
болсаңыз, кескіндерді компьютерді қолданбай басып шығаруға болады.
Байланыс əдісі: Фотокамераны USB кабелімен принтердің USB портына
тікелей жалғаңыз.
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
Кескіндер мен бейнефильмдерді көру жəне өңдеу үшін компьютерге
тасымалдауға болады.
Байланыс əдісі: Фотокамераны USB кабелімен компьютердің USB портына
жалғаңыз.
•
Компьютерге жалғаудың алдында компьютерге ViewNX-i бағдарламалық
жасақтамасын орнатыңыз.
Жалғағыш қақпағын ашыңыз.
HDMI микрожалғағышы (D түрі)
Ашаны кірістіріңіз.
Микро USB жалғағышы










