Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
109
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге жалғау
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
Бағдарламаны таңдау жөнінде нұсқау беретін хабар көрсетілсе, Nikon Transfer 2 бағдарламасын
таңдаңыз.
•
Windows 7 операциялық жүйесін
пайдаланған кезде
Оң жақта диалогтық терезе көрсетілсе,
Nikon Transfer 2 бағдарламасын таңдау
үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1
Import pictures and videos (Суреттер
мен бейнелерді импорттау)
параметрінде
Change program
(Бағдарламаны өзгерту)
пəрменін
басыңыз. Бағдарламаны таңдау диалогтық терезесі көрсетіледі; Nikon Transfer 2
бағдарламасын таңдаңыз жəне
OK
түймешігін басыңыз.
2 Nikon Transfer 2 белгішесін екі рет басыңыз.
•
Windows 10 немесе Windows 8.1 пайдалану кезінде
Оң жақта диалогтық терезе көрсетілсе, диалогтық
терезені басыңыз жəне
Import File/Nikon Transfer 2
(Файлды импорттау/Nikon Transfer 2)
түймешігін
басыңыз.
•
OS X немесе macOS жүйесін пайдаланған кезде
Nikon Transfer 2 автоматты түрде іске қосылмаса, фотокамера мен компьютер жалғанған кезде
Mac жүйесімен бірге берілетін
Image Capture
қолданбасын іске қосып, фотокамера
компьютерге жалғанған кезде ашуға арналған əдепкі қолданба ретінде Nikon Transfer 2
қолданбасын таңдаңыз.
Жад картасы кескіндердің үлкен мөлшерін қамтитын болса, Nikon Transfer 2 бағдарламасының
іске қосылуы үшін біраз уақыт жұмсалуы мүмкін. Nikon Transfer 2 бағдарламасы іске
қосылғанша күтіңіз.
B
USB кабелін жалғау бойынша ескертпелер
Фотокамера USB концентратор арқылы жалғанса, жұмысқа кепілдік берілмейді.
C
ViewNX-i пайдалану
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн анықтама қызметін пайдаланыңыз.










