Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

157
Мəзірді пайдалану
Орнату мəзірі
Charge by Computer (Компьютер арқылы зарядтау)
B
Компьютер арқылы зарядтау бойынша ескертпелер
Компьютерге жалғанған кезде фотокамера іске қосылып, зарядталу басталады. Егер фотокамера
өшірілсе, зарядталу тоқтайды.
Қуаты толық аяқталған батареяны зарядтау үшін шамамен 4 сағат қажет. Батарея зарядталып жатқан
кезде кескіндер көшірілсе, зарядталу уақыты артады.
Егер батарея зарядталуы аяқталғаннан кейін 30 минут бойы компьютермен байланыс болмаса,
фотокамера автоматты түрде өшіріледі.
B
Зарядталу шамы жасыл түспен жылдам жанған кезде
Төменде сипатталған себептердің біреуіне байланысты зарядтауды орындау мүмкін емес.
Қоршаған орта температурасы зарядтау үшін қолайлы емес. Батареяны қоршаған орта
температурасы 5–35°C аралығындағы ғимарат ішінде зарядтаңыз.
USB кабелі дұрыс жалғанбаған немесе батарея ақаулы. USB кабелінің дұрыс жалғанғанына көз
жеткізіңіз немесе батареяны қажетінше ауыстырыңыз.
Компьютер күту режимінде жəне қуат жеткізілмейді. Компьютерді белсендіріңіз.
Компьютердің параметрлеріне немесе сипаттамаларына байланысты фотокамераға қуатты жібере
алмайтындықтан, батареяны зарядтау мүмкін емес.
d
түймешігі
M
z
мəзір белгішесі
M
Charge by computer (Компьютер арқылы зарядтау)
M
k
түймешігін басыңыз
Параметр Сипаттама
a
Auto (Автоматты)
(əдепкі параметр)
Фотокамера іске қосулы компьютерге жалғанған кезде (
A
102),
фотокамераға енгізілген батарея компьютер арқылы берілетін қуатпен
автоматты түрде зарядталады.
Off (Өшірулі)
Фотокамераға енгізілген батарея фотокамера компьютерге жалғанған
кезде зарядталмайды.