Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

162
Техникалық ескертпелер
Сымсыз байланыс функциялары бойынша ескертпелер
Сымсыз құрылғылар бойынша шектеулер
Осы өніммен бірге берілген сымсыз трансивер сатумен айналысатын елдегі сымсыз құрылғылар
бойынша ережелерге сай келеді жəне оны басқа елдерде пайдалануға болмайды (ЕО не ЕЕСҚ
ішінде сатып алынған өнімдерді ЕО не ЕЕСҚ ішінде барлық жерде пайдалануға болады). Nikon
басқа елдердегі қолданыс үшін жауапты болмайды. Бастапқы сатумен айналысатын елге
сенімсіз пайдаланушылар жергілікті Nikon компаниясының қызмет көрсету орт
алығынан немесе
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес алуы керек. Бұл шектеу сымсыз жұмысқа
ғана қатысты жəне оның кез келген өнімнің басқа қолданысына қатысы жоқ.
Қауіпсіздік
Қамту аймағының кез келген жерінде деректермен сымсыз алмасу үшін басқалардың еркін
косылу мүмкіндігі бұл өнімнің артықшылықтарының бірі болғанымен, қауіпсіздік қосылмаса,
келесі жағдай орын алуы мүмкін:
Деректердің ұрлануы: Зиянкестер пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерін жəне
басқа да жеке ақпаратты ұрлау үшін деректермен сымсыз алмасуға кедергі келтіруі мүмкін.
Рұқсатсыз кіру: Өкілеттігі жоқ пайдаланушылар желіге кіруге рұқсат алып, деректерді өзгертуі
немесе басқа да зиянды əрекеттер орындауы мүмкін. Сымсыз желілер дизайнына
байланысты арнайы шабуылдар қауіпсіздік қосулы болса да рұқсатсыз кіруге мүмкіндік беруі
ықтимал екендігін ескеріңіз. Nikon компаниясы деректерді тасымалдау барысында орын алуы
мүмкін деректердің не ақпараттың тарап кетуі үшін жауапты емес.
Смартфон немесе планшетте көрсетілсе де қолдануға рұқсат етілмеген желілерге кірмеңіз.
Бұл рұқсатсыз кіру деп танылуы мүмкін. Тек қолдануға рұқсат берілген желілерге кіріңіз.
Жеке ақпаратты басқару жəне бас тарту
Өнімде тіркелген жəне конфигурацияланған пайдаланушы туралы ақпарат, соның ішінде
сымсыз жергілікті желі байланысының параметрлері мен басқа жеке ақпарат басқару қатесі,
тұрақты электр тогы, апат, ақаулық, жөндеу не басқа əрекеттерден өзгеруі жəне жоғалуы
мүмкін. Əрқашан маңызды ақпараттың бөлек көшірмелерін сақтаңыз. Nikon компаниясы,
Nikon компаниясына қатысты емес мазмұнның өзгеруі немесе мазмұнның жоғалуынан
болатын ешбір тікелей не жанама зақымдар не жоғалған мүлік үшін жауапты емес.
Осы өнімді тастау не оны басқа иемденушіге беруден бұрын, өніммен тіркелген жəне
конфигурацияланған пайдаланушы туралы барлық ақпаратты, соның ішінде сымсыз жергілікті
желі байланысының параметрлері мен басқа жеке ақпаратты жою үшін орнату (
A
117)
мəзіріндегі
Reset all (Барлығын қалпына келтіру)
əрекетін орындаңыз.
Nikon компаниясы осы өнім ұрланған немесе жоғалған жағдайда үшінші тараптардың
рұқсатсыз пайдалануы нəтижесінде орын алған ешқандай зақымдар үшін жауапты емес.
Сымсыз байланыс функциялары бойынша
ескертпелер