Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
164
Техникалық ескертпелер
Өнімді күту
Құрылғыны пайдаланған немесе сақтаған кезде "Қауіпсіздік шаралары" бөліміндегі (
A
vi-viii)
ескертулермен қоса төменде сипатталған сақтық шараларын орындаңыз.
Фотокамера
Фотокамераны қатты жерге соғылудан сақтаңыз
Өнім қатты ұрылса немесе шайқалса, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Сонымен қоса, объективті немесе
объектив қақпағын ұстамаңыз не қатты қыспаңыз.
Құрғақ жерде сақтаңыз
Құрылғыны суға салса немесе ылғалдылығы жоғары жерге қойса, зақымдалады.
Температураның күрт өзгеруін болдырмаңыз
Ауа райы салқын болған күні жылы ғимаратқа кіру немесе шығу сияқты температура күрт өзгерген
жағдайда құрылғының ішінде сұйықтық пайда болуы мүмкін. Сұйықтық пайда болмауы үшін, құрылғыны
температура күрт өзгеретін жерге шығармас бұрын тасымалдауға арналған қапқа немесе пластик
қалтаға салыңыз.
Күшті магнитті өрістерден алыс ұстаңыз
Бұл құрылғыны күшті электромагниттік сəулелендіру немесе магниттік өрістер шығаратын жабдыққа
жақын жерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Ол деректердің жоғалуына немесе фотокамераның
дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі мүмкін.
Объективті ұзақ уақыт бойы қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз
Фотокамераны пайдаланғанда немесе сақтағанда объективті ұзақ уақытқа күннің көзіне немесе басқа
қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Қарқынды жарық кескін сенсорының төмендеуіне немесе
фотосуреттердегі ақ дақ əсерінің пайда болуына алып келуі мүмкін.
Қуат көзінен ажырату немесе жад картасын алу алдында өнімді өшіріңіз
Өнім қосылып тұрғанда немесе кескіндер сақталып не жойылып жатқанда батареяны шығармаңыз.
Мұндай жағдайларда қуатты мəжбүрлі өшіру салдарынан деректердің жоғалуы немесе жад картасына
не ішкі тізбекке зақым келтіруі мүмкін.
Өнімді күту










