Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

165
Техникалық ескертпелер
Өнімді күту
Монитор бойынша ескертпелер
Мониторлар (электронды көріністапқыштарды қоса) аса жоғары дəлдікпен құрастырылған;
кем дегенде, 99,99% тиімді нүкте нəтижесін береді, көрінбейтін немесе ақауы бар нүктелер 0,01%
аспайды. Сондықтан, осы дисплейлерде əрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк немесе жасыл)
немесе əрдайым өшірулі болатын (қара) нүктелердің болуы мүмкін екеніне байланысты, бұл ақаулық
болып табылмайды жəне осы құрылғымен түсірілген кескіндерге əсер етпейді.
Қатты жарық деңгейінде монитордағы кескіндерді көру қиын болуы мүмкін.
Мониторға қысым түсірмеңіз, себебі бұл зақымдалуға немесе дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі
мүмкін. Монитор сынса, сынған əйнектен жарақаттанып қалмау үшін жəне дисплейдегі сұйық
кристалдың теріге тимеуі немесе көзге не ауызға кіріп кетпеуі үшін абай болу керек.
Батарея
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Пайдаланғаннан кейін батареяның қызып кететінін ескеріңіз.
Батареяны 0°C температурадан төмен немесе 40°C температурадан жоғары жерде пайдаланбаңыз,
себебі бұл өнімнің зақымдалуына немесе дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі мүмкін.
Батареядан қызу, түтін немесе қалыпсыз иіс шығуы сияқты əдеттен тыс құбылыстарды байқасаңыз,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз жəне сатушыдан немесе Nikon компаниясының өкілетті қызмет
көрсету өкілінен кеңес алыңыз.
Батареяны фотокамерадан немесе қосымша зарядтау құрылғысынан алғаннан кейін оны оқшаулау
үшін пластик қалтаға, т.б. салыңыз.
Батареяны зарядтау
Фотокамераны пайдаланудан бұрын батарея деңгейін тексеріңіз жəне қажет болса, батареяны
ауыстырыңыз немесе зарядтаңыз.
Батареяны пайдаланбас бұрын 5–35°C аралығындағы температурадағы ішкі қоршаған ортада
зарядтаңыз.
Батареяның жоғары температурасы батареяның тиісті түрде немесе толығымен зарядталуын
болдырмауы немесе батарея тиімділігін азайтуы мүмкін. Пайдаланғаннан кейін батареяның ыстық
болуы мүмкін екенін ескеріңіз; зарядтамас бұрын батареяның суығанын күтіңіз.
Осы фотокамераға салынған батареяны Зарядтау айнымалы ток адаптері немесе компьютер арқылы
зарядтау кезінде, батарея 0°C температурадан төмен немесе 50°C температурадан жоғары батарея
температураларында зарядталмайды.
Батарея толық зарядталғаннан кейін зарядтауды жалғастыра бермеңіз, себебі бұл батарея
өнімділігінің төмендеуіне əкелуі мүмкін.
Зарядтау кезінде батарея температурасы артуы мүмкін. Алайда, бұлақаулық емес.
Қосымша батареяларға күтім көрсету
Мүмкін болған кезде, маңызды оқиғаларда кескіндерге түсірген кезде толық зарядталған қосымша
батареяларды алып жүріңіз.
Батареяны салқын күндері пайдалану
Салқын күндері батарея сыйымдылығының төмендейтінін ескеріңіз. Егер төмен температурада қуаты
таусылған батарея пайдаланылса, фотокамера қосылмауы мүмкін. Қосымша батареяларды жылы
жерде ұстаңыз жəне қажетінше ауыстырыңыз. Жылығаннан кейін, салқын батарея зарядының белгілі
бір бөлігін қайтаруы мүмкін.