Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
166
Техникалық ескертпелер
Өнімді күту
Батарея түйіспелері
Батарея түйіспелерінің ластануы фотокамераның жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Батарея
түйіспелері ластанған жағдайда, өнімді пайдаланбас бұрын оларды таза, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Қуаты таусылған батареяны зарядтау
Фотокамераға қуаты таусылған батареяны салған кезде фотокамераны қосу немесе өшіру батареяның
жарамды мерзімін азайтуы мүмкін. Қуаты таусылған батареяны пайдаланбас бұрын зарядтаңыз.
Батареяны сақтау
•
Пайдаланылмайтын кезде батареяны əрдайым фотокамерадан немесе қосымша зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз. Батарея фотокамераның ішіне салынып, қолданбаған жағдайда да
батареядан болар-болмас мөлшердегі ток келеді. Бұл батарея қуатының шамадан тыс таусылуына
жəне толығымен жұмыс жасамай қалуына əкелуі мүмкін.
•
Кемінде əр алты ай сайын батареяны қайта зарядтаңыз жəне оны қайта сақтап қоймас бұрын қуаты
толығымен таусылғанша қолданыңыз.
•
Батареяны оқшаулау үшін пластик қалтаға жəне т. с. с. салыңыз жəне салқын жерде сақтаңыз.
Батареяны қоршаған орта температурасы 15°–25°C аралығындағы құрғақ жерде сақтау керек.
Батареяны ыстық немесе өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
Батареяның жарамды мерзімі
Бөлме температурасында пайдаланылғанда толық зарядталған батарея өз қуатын сақтаған уақыттағы
белгіленген төмендеу батареяны ауыстыру қажеттігін көрсетеді. Жаңа батареяны сатып алыңыз.
Пайдаланылған батареяны қайта өңдеу
Батарея қуаты біткен кезде оны ауыстырыңыз. Пайдаланылған батареялар құнды ресурс болып
табылады. Пайдаланылған батареяларды жергілікті заңдарға сəйкес қайта өңдеңіз.
Зарядтау айнымалы ток адаптері
•
Зарядтау айнымалы ток адаптері EH-73P тек үйлесімді құрылғылармен пайдалануға арналған.
Құрылғының өзге түрімен немесе үлгісімен бірге пайдаланбаңыз.
•
UC-E21 басқа USB кабельді пайдаланбаңыз. UC-E21 түрінен басқа USB кабельді пайдалану қызып
кету, өрт немесе электр тогының соғуына алып келуі мүмкін.
•
Зарядтау айнымалы ток адаптері EH-73P айнымалы ток адаптерінен басқа айнымалы ток адаптерінің
өзге түрін немесе үлгісін ешбір жағдайда пайдаланбаңыз, сондай-ақ сатып алуға болатын USB
айнымалы ток адаптерін немесе ұялы телефон батареясын зарядтау құрылғысын пайдаланбаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе зақымдалуына
əкелуі мүмкін.
•
EH-73P құрылғысы айнымалы тогы 100–240 В, 50/60 Гц электр розеткаларымен үйлесімді.
Өзге елдерде пайдаланған кезде, ашалы адаптерді (сатып алуға болады) қажетінше қолданыңыз.
Ашалы адаптерлерге қатысты қосымша ақпарат алу үшін саяхат агенттігінен кеңес алыңыз.










