Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

167
Техникалық ескертпелер
Өнімді күту
Жад карталары
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Тек Secure Digital жад карталарын пайдаланыңыз (
A
186).
Жад картасымен бірге берілген құжаттамада сипатталған сақтық шараларын міндетті түрде
орындаңыз.
Жад карталарына жапсырмалар немесе стикерлер жабыстырмаңыз.
Пішімдеу
Жад картасын компьютер арқылы пішімдемеңіз.
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде оны осы
фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз. Жаңа жад карталарын осы фотокамерада пайдаланудан
бұрын оларды осы фотокамера арқылы пішімдеуге кеңес береміз.
Жад картасын пішімдеу жад картасындағы барлық кескіндер мен басқа деректерді біржола
жоятынын ескеріңіз.
Жад картасын пішімдемес бұрын міндетті түрде сақтау қажет барлық
кескіндердің көшірмесін жасаңыз.
Фотокамера қосылған кезде
Card is not formatted. Format card? (Карта пішімделмеген. Картаны
пішімдеу қажет пе?)
хабары пайда болса, жад картасын пішімдеу қажет. Жойғыңыз келмейтін
деректер болса,
No (Жоқ)
пəрменін таңдаңыз. Қажет деректерді компьютерге, т.б. көшіріңіз.
Жад картасын пішімдеу қажет болса,
Yes (Иə)
пəрменін таңдаңыз. Растау диалогтық терезесі
көрсетіледі. Пішімдеуді бастау үшін,
k
түймешігін басыңыз.
Пішімдеу кезінде, деректерді жад картасына жазу немесе одан жою барысында не деректерді
компьютерге көшіргенде келесі əрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау
салдарынан деректердің жоғалуына немесе фотокамераның немесе жад картасының зақымдалуына
алып келуі мүмкін.
- Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын батареяны немесе жад картасын алу/енгізу
үшін ашыңыз.
- Фотокамераны өшіріңіз.
- Айнымалы то
к а
даптерін ажыратыңыз.