Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
168
Техникалық ескертпелер
Тазалау жəне сақтау
Тазалау
Спирт, еріткіш не басқа ұшпа химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алып қойыңыз. Зең басып
кетпес үшін, фотокамераны кемінде айына бір рет сақталған жерден шығарыңыз.
Фотокамераны қосып, оны қайтадан орнына қоймас бұрын ысырманы бірнеше рет босатыңыз.
Фотокамераны келесі орындардың ешқайсысында сақтамаңыз:
•
Жақсы желдетілмеген немесе ылғалдығы 60% жоғары жерлерде
•
50°C-тан жоғары немесе –10°C-тан төмен температураларда
•
Теледидар немесе радио сияқты күшті электромагниттік өрістер шығаратын құрылғылардың
жанында
Батареяны сақтау үшін "Батарея" (
A
165) тарауының "Өнімді күту" (
A
164) мақаласындағы
сақтық шараларын орындаңыз.
Тазалау жəне сақтау
Объектив
Əйнек бөліктерін саусақтарыңызбен ұстамаңыз. Тозаң немесе мамықты ауа үргішпен
(əдетте екінші жағынан ауа ағынын шығару үшін басылатын ұшына жалғанатын
резеңке сауыты бар кішігірім құрылғы болып табылады) кетіріңіз. Ауа үргішпен
кетпейтін саусақ іздерін немесе өзге дақтарды кетіру үшін объектив ортасынан бастап,
шеттеріне қарай бағытталған спиральды қозғалыс арқылы объективті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз. Ег
ер бұл нəтиже бе
рмесе, объективті сатып алуға болатын
объективті тазалау құралына аздап ылғалданған шүберекпен тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен мамықты ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздері мен өзге дақтарды кетіру
үшін, мониторды жұмсақ, құрғақ шүберекпен қысым түсірмей мұқият сүртіңіз.
Корпус
Тозаңды, кірді немесе құмды кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін
жұмсақ, құрғақ шүберекпен мұқият сүртіңіз. Фотокамераны жағалауда немесе басқа да
құмды не тозаң жерде пайдаланғаннан кейін таза суға малынған жұмсақ шүберекпен
құмды, тозаңды немесе тұзды жайлап сүртіп, мұқият құрғатыңыз.
Фотокамера
ішіндегі бөтен зат кепілдікте қамтылмайтын зақым келтіруі мүмкін екенін
ескеріңіз.










