Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

10
Суретке түсіру үшін дайындау
Батарея мен жад картасын салу
Батареяның оң зарядты жəне теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған күйде қызғылт
сары батарея ілмегін жылжытыңыз (
3
) жəне батареяны салыңыз (
4
).
Жад картасын орнына сырт етіп түскенше итеріңіз (
5
).
Батареяны немесе жад картасын астын үстіне келтіріп не кері бағытта салмаңыз, себебі ол
ақаулыққа алып келуі мүмкін.
B
Жад картасын пішімдеу
Басқа құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш рет салған кезде, оның осы
фотокамерада пішімделуін қадағалаңыз.
Жад картасын пішімдеу жад картасындағы барлық кескіндер мен басқа деректерді біржола
жоятынын ескеріңіз.
Жад картасын пішімдемес бұрын міндетті түрде сақтау қажет барлық
кескіндердің көшірмесін жасаңыз.
Фотокамераға жад картасын енгізіңіз,
d
түймешігін басыңыз жəне орнату мəзірінен (
A
112)
Format card (Картаны өшіру)
тармағын таңдаңыз.
Батареяны немесе жад картасын алу
Фотокамераны өшіріңіз жəне іске қосылу шамы мен экранның өшкендігіне көз жеткізіңіз, содан
кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз.
Батареяны шығару үшін, батарея ілмегін жылжытыңыз.
Жад картасын ішінара шығару үшін, жад картасын фотокамераға сəл итеріңіз.
Фотокамераны пайдаланғаннан кейін фотокамераны, батареяны жəне жад картасын ұстаған
кезде абай болыңыз, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
Жад карталары жəне ішкі жад
Кескіндер мен бейнефильмдерді қамтитын фотокамера деректерін жад картасына немесе
фотокамераның ішкі жадына сақтауға болады. Фотокамераның ішкі жадын пайдалану үшін, жад
картасын алыңыз.
Батарея мен жад картасын салу
Батарея ілмегі
Жад картасының ұяшығы