Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
11
Суретке түсіру үшін дайындау
Батареяны зарядтау
Егер ашалы адаптер* фотокамерамен бірге қамтылса, оны Зарядтау айнымалы ток адаптеріне
мұқият жалғаңыз. Екеуі жалғанғаннан кейін ашалы адаптерді күштеп алу əрекеті өнімнің
зақымдалуына алып келеді.
*Aшалы адаптердің пішіні фотокамера сатып aлынған елге немесе аймаққa байланысты əр түрлі
болады.
Ашалы адаптер Зарядтау айнымалы ток адаптері құрылғысына тұрақты түрде жалғанып тұрса,
бұл қадамды қа
лдыр
ып кетуге болады.
•
Батарея салынған кезде фотокамера электр розеткасына қосылған кезде суретте
көрсетілгендей зарядтау басталады. Батарея зарядталып жатқанда зарядтау шамы баяу
жасыл түспен жыпылықтайды.
•
Зарядталып біткенде зарядтау шамы өшеді. Зарядтау айнымалы ток адаптерін электр
розеткасынан суырып, USB кабелін ажыратыңыз.
Толық таусылған батарея үшін зарядталу уақыты шамамен 2 сағат 20 минут болады.
•
Зарядтау шамы жылдам жасыл түспен жыпылықтаған кезде батарея зарядталмайды, ол
төменде сипатталған себептердің біріне байланысты болуы мүмкін.
- Қоршаған орта температурасы зарядтау үшін қолайлы емес.
- USB кабелі немесе Зарядтау айнымалы ток адаптері дұрыс жалғанбаған.
- Батарея зақымдалған.
Батареяны зарядтау
Зарядтау шамы
Электр розеткасы
USB кабелі (қамтылған)
Зарядтау айнымалы ток адаптері










