Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
19
Негізгі суретке түсіру жəне қарау операциялары
Суретке түсіру
B
Кескіндерді немесе бейнефильмдерді сақтау бойынша ескертпелер
Қалған кадрлар санын көрсететін индикатор немесе қалған жазу уақытын көрсететін индикатор
кескіндер немесе бейнефильмдер сақталып жатқан кезде жыпылықтайды.
Индикатор жыпылықтаған
кезде батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны не жад
картасын
шығармаңыз. Олай жасау деректердің жоғалуына немесе фотокамераның не жад
картасының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
C
Автоматты түрде өшіру функциясы
•
Шамамен бір минут бойы ешқандай операциялар орындалмаса, экран өшеді, фотокамера күту
режиміне өтеді, содан кейін іске қосылу шамы жыпылықтайды. Шамамен үш минут бойы күту
режимінде қалғаннан кейін фотокамера өшіріледі.
•
Фотокамера күту режимінде болған кезде экранды қайта қосу үшін, қуат қосқышын немесе ысырманы
босату түймешігін басу сияқты операцияны орындаңыз.
C
Штативті пайдаланған кезде
•
Камераны келесі жағдайларда тұрақтандыру үшін штативті пайдалану ұсынылады:
- Жарық жеткіліксіз болған жағдайда жарқыл режимі
W
(өшірулі) күйіне орнатылып, суретке
түсірген кезде
- Масштабтау телефото күйінде болған кезде
•
Суретке түсіру кезінде фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдаланғанда бұл функция
салдарынан орын алатын ықтимал қателерді болдырмау үшін орнату мəзірінде (
A
112)
Photo VR
(Фотосуреттің дірілін азайту)
параметрін
Off (Өшірулі)
күйіне орнатыңыз.
Жарқылды пайдалану
Қараңғы жерлерде немесе нысанның артқы
жағы жанып тұрған жағдайлар сияқты
жарқыл қажет сəттерде жарқылды күшейту
үшін
K
(жарқылдың шығуын басқару тетігі)
басқару элементін жылжытыңыз.
•
Жарқылды пайдаланбағанда, жарқылды
төмендету үшін сырт етіп орнына
түскенше жайлап басыңыз.
Бейнефильмдерді жазу
Бейнефильмді жазуды бастау үшін түсіру экранын көрсетіңіз
жəне
b
(
e
бейнефильмді жазу) түймешігін басыңыз.
Жазуды аяқтау үшін
b
(
e
) түймешігін қайта басыңыз.










