Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
vii
Кіріспе
Қауіпсіздік шаралары
•
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа
немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін
тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық
көмекке жүгініңіз.
•
Мойын бауын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
•
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын,
айнымалы ток адаптерлерін немесе USB кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге
пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін
жəне USB кабельдерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
- Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе
майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе
жалын əсерін тигізбеңіз.
- Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған түрлендіргіштерді
немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты ток-айнымалы ток инверторларын
пайдаланыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына əкелуі мүмкін.
•
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатқанда
ашаны ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына əкелуі мүмкін.
•
Өте жоғары немесе төмен температуралар əсер ететін орындарда ашық қолдармен
ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе үсуге əкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
•
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз. Объектив
фокустаған жарық өртке əкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы
жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз.
•
Осы өнімнің қолданысына тыйым салынған кезде оны өшіріңіз. Сымсыз жабдықты
пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын
радиожиілікті сəулеленулер ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа
медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін.
•
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз жəне айнымалы ток
адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
əкелуі мүмкін.
•
Объективтің жылжитын бөліктеріне немесе басқа жылжитын бөліктерге тимеңіз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау жарақатқа əкелуі мүмкін.
•
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып жақпаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке əкелуі мүмкін.










