Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

59
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Жарқыл режимі
C
Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты жарқыл/Қызыл көз əсерін азайту
Алдын ала шығатын жарқылдар негізгі жарқылдың алдында қызыл көз əсерін азайтып, үздіксіз, төмен
қарқынмен жанады. Егер фотокамера кескінді сақтау барысында қызыл көзді анықтаса, кескінді
сақтаудың алдында қызыл көз əсерін азайту үшін əсер етілген аумақ өңделеді.
Суретке түсіру кезінде келесілерді ескеріңіз:
Алдын-ала шығатын жарқылдар жанғандықтан, ысырманы босату түймешігі басылған кезде жəне
кескін түсірілген кезде арасында сəл кідіріс орын алады.
Кескіндерді сақтау үшін əдеттегіден артық уақыт қажет болуы мүмкін.
Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі кейбір жағдайларда қалаған нəтижелерді бермеуі мүмкін.
Сирек жағдайларда қызыл көз əсерін азайту функциясы кескіннің қажет емес басқа аймақтарына
қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайларда басқа жарқыл режимін таңдап, суретті қайта түсіріңіз.