Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

viii
Кіріспе
Қауіпсіздік шаралары
Осы өнімді жабық автокөлік немесе тікелей күн сəулесі сияқты өте жоғары
температуралардың əсері тиетін жерде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ҚАУІПТІ
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын қолданбау батарея
сұйықтығының ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін:
- Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы батареяларды
пайдаланыңыз.
- Батареяларға жалын немесе артық жылу əсерін тигізбеңіз.
- Бөлшектемеңіз.
- Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы түйіспе тұстарын
қысқа тұйықтамаңыз.
- Батареяларға неме
се олар салынған өнімдерге қатты соққылардың əсерін тигізбеңіз.
EN-EL12 қайта зарядталмалы батареяларын осы мақсатқа арналмаған зарядтау
құрылғыларын/фотокамераларды пайдаланып зарядтауға əрекеттенбеңіз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне
əкелуі мүмкін.
Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, таза сумен молынан шайыңыз жəне дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Əрекетті кешіктіру көз жарақаттарына əкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ЕСКЕРТУ
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу
медициналық көмекке жүгініңіз.
Бұл өнімді суға батырмаңыз немесе жауынға шығармаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас
затпен дереу құрғатыңыз.
Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген өзгерістерді байқасаңыз,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-EL12 қайта
зарядталмалы батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.
Қоқысқа лақтыру алдында батареяның түйіспе тұстарын лентамен оқшаулаңыз.
Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу немесе өрт туындауы мүмкін.
Батареяларды жергілікті ережелерге сай қайта өңдеуге тапсырыңыз немесе қоқысқа
лақтырыңыз.
Батарея сұйықтығы теріге немесе киімге тиетін болса, əсер етілген аймақты дереу таза
судың үлкен мөлшерімен шайыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне
əкелуі мүмкін.