Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
69
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Фокустау
Автофокус үшін үйлесімді емес нысандар
Фотокамера келесі жағдайларда күткендей фокусталмауы мүмкін. Сирек жағдайларда, фокустау
аумағының немесе фокустау индикаторының жасыл түспен көрсетілуіне қарамастан нысан
фокуста болмауы мүмкін:
•
Нысан өте күңгірт
•
Жарықтық деңгейі айтарлықтай өзгешеленетін нысандар суретке түсіру жағдайларына
қосылған (мысалы, нысан артындағы күн нысанды қараңғы етіп көрсетеді)
•
Нысан мен оның айналасында контраст жоқ (мысалы, ақ көйлек киген портрет нысаны ақ
қабырғаның алдында тұр)
•
Бірнеше элементтер фотокамерадан əр түрлі қашықтықта орналасқан (мысалы, нысан
тордың ішінде)
•
Қайталанатын үлгісі бар нысандар (жалюзилер, бірнеше қатарлы бірдей пішінді терезелері
бар ғимараттар жəне т.б.)
•
Нысан жылдам жылжуда
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда қайта фокустау үшін ысырманы босату түймешігін қайтадан
бірнеше рет жартылай басып көріңіз немесе фотокамерадан қажет нысанмен бірдей қашықтықта
орналасқан басқа нысанды фокустаңыз да, фокустау құлпын пайдаланыңыз (
A
70).










