Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

19
Негізгі суретке түсіру жəне қарау əрекеттері
Кескіндерді түсіру
C Автоматты өшу функциясы
Бір минут ішінде ешбір операция орындалмаса, экран өшіп, фотокамера күту
режиміне өтеді және қуат шамы жыпылықтайды. Күту режимінде шамамен үш
минут тұрған соң, фотокамера өшеді.
Фотокамера күту режимінде болғанда экранды қайта қосу үшін қуат ажыратқышын
не ысырманы босату түймешігін басу сияқты операцияны орындаңыз.
C Штативті пайдаланғанда
Фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті келесі жағдайларда пайдалану
ұсынылады:
- Қараңғы орындарда жарқыл қарай төмендетілгенде немесе жарқыл
қосылмайтын түсіру режимінде түсіргенде
- Масштаб телефото күйінде болғанда
Түсіру кезінде фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті қолданғанда, осы
функция себебінен туындайтын ықтимал ақаулықтарды алдын алу мақсатында
параметрлер мәзірінде (A103) Photo VR (Фотосурет ДА) параметрін Off
(Өшірулі) мәніне орнатыңыз.
Жарқылды пайдалану
Қараңғы жерлерде не нысанның артынан жарық түсуі
сияқты жарқыл қажет болған жағдайларда жарқылды
ашу үшін m (жарқылды шығару) түймесін басыңыз.
Жарқылды пайдаланбағанда, оны төмендету үшін
сырт етіп орнына түскенше абайлап басыңыз.
Бейнефильмдерді жазу
Түсіру экранын көрсетіңіз және бейнефильм жазу
үшін b (e бейнефильм жазу) түймешігін
басыңыз. Жазуды аяқтау үшін b (e) түймешігін
басыңыз.