Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

28
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
Фотокамераны және смарт құрылғыны жалғау
C Егер байланыс сəтсіз аяқталса
Жалғаған кезде, фотокамерада Could not connect. (Қосылу мүмкін болмады.)
мәні көрсетілсе
- k түймешігін басып, қайта жалғау үшін «Фотокамераны және смарт құрылғыны
жалғау» бөліміндегі процедураны 2-қадамнан (A25) қайталаңыз.
- Байланыстан бас тарту үшін d түймешігін басыңыз.
Қолданбаны қайта іске қосу арқылы ақауды шешуге болады. SnapBridge
қолданбасын толық жауып, оны іске қосу үшін қолданба белгішесін қайта түртіңіз.
Қолданба іске қосылғанда, «Фотокамераны және смарт құрылғыны жалғау»
бөліміндегі процедураны 1-қадамнан (A25) қайталаңыз.
Егер фотокамераны жалғау мүмкін емес және iOS жүйесінде қате пайда болса,
iOS жүйесінде фотокамераны құрылғы ретінде тіркеуге болады. Мұндай
жағдайларда, iOS реттеулер қолданбасын іске қосып, құрылғыны (фотокамера
атауы) тіркеуден шығарыңыз.
Сымсыз байланысты ажырату немесе қосу
Байланысты ажырату немесе қосу үшін келесі әдістердің кез келгенін
пайдаланыңыз.
Фотокамерадан Network menu (Желі мəзірі) M Airplane mode (Ұшақ
режимі) параметрін ауыстырыңыз. Сымсыз байланыс құрылғысына тыйым
салынатын орындарда барлық байланыс функцияларын өшіру үшін, оны
On (Қосулы) күйіне орнатуға болады.
Фотокамераның Network menu (Желі мəзірі) M Bluetooth M Connection
(Байланыс) ішіндегі параметрді ауыстырыңыз.
SnapBridge қолданбасында A қойындысындағы M Auto link options (Авто
байланыс опциялары) M Auto link (Авто байланыс) параметрді
ауыстырыңыз.
Осы параметрді өшіру арқылы смарт құрылғының батарея тұтынуын азайта
аласыз.