Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

53
Түсіру мүмкіндіктері
Жарқыл режимі
Қолжетімді жарқыл режимдері
B Жарқылмен түсіру туралы ескертпелер
Кең бұрышты масштабтау күйінде жарқыл пайдаланылғанда кескіннің
айналасындағы аймақ нысанға дейінгі қашықтыққа байланысты күңгірттеу болуы
мүмкін.
Бұл басқару масштабын телеобъектив күйіне қарай сәл жылжытсаңыз жойылуы
мүмкін.
C Жарқыл режимінің параметрі
Параметр кейбір түсіру режимдерінде қолжетімді болмауы мүмкін (A64).
A (автоматты) режимі үшін қолданылған параметр фотокамера өшірілгеннен
кейін де фотокамераның жадында сақталады.
C Қызыл көз əсерін азайту
Камера кескінді сақтау барысында қызыл көзді анықтаса, кескінді сақтаудың
алдында қызыл көз әсерін азайту үшін әсер етілген аймақ өңделеді.
Түсіру кезінде төмендегілерді ескеріңіз:
Суреттерді сақтауға әдеттегіден көбірек уақыт кетеді.
Қызыл көз әсерін азайту кейбір жағдайларда қажетті нәтиже бермеуі де мүмкін.
Сирек жағдайларда қызыл көз әсерін азайту функциясы кескіннің қажет емес
аймақтарына қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда басқа жарқыл режимін
таңдап, суретті қайта түсіріңіз.
U
Auto (Автоматты)
Жарқыл қажет кезде, мысалы, күңгірт жарық кезде жанады.
Жарқыл режимінің индикаторы суретке түсіру экранында орнатудан
кейін бірден көрсетіледі.
V
Auto with red-eye reduction (Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігімен
автоматты)
Портреттердегі жарқылдан пайда болатын «қызыл көз» әсерін азайтыңыз.
X
Fill flash (Толтыру жарқылы)
Жарқыл әрқашан суретке түсіру кезінде жанады. Оны көлеңкелерді және
артқы жағы жанып тұрған нысандардың «қосымша жарығы»
(жарықтандыру) үшін пайдаланыңыз.
Y Slow sync (Баяу синхронизация)
Артқы фонда көріністері бар кешкі немесе түнгі портреттерге ыңғайлы.
Негізгі нысанды жарықтандыру қажет болған кезде, жарқыл жанады, ал
түнде немесе қараңғы жерде артқы фонды түсіру үшін ысырманың баяу
жылдамдықтары пайдаланылады.