Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы

27
Техникалық ескертпелер
Құрылғыны пайдалану немесе сақтау кезінде «Қауіпсіздік шаралары»
(Avi–ix) бөліміндегі ескертулерге қосымша төменде сипатталған сақтық
шараларын сақтаңыз.
Фотокамера
Фотокамера қатты соққыға ұшырамасын
Өнімге қатты соққы тисе немесе діріл әсер етсе, ол істемей қалуы мүмкін. Сонымен
қатар объективті ұстамаңыз немесе оған күш түсірмеңіз.
Құрғақ күйде сақтаңыз
Құрылғы суға түсіп кетсе немесе ылғалдылық деңгейі жоғары жерлерде сақталса,
ол зақымдалуы мүмкін.
Температураның кенет өзгеруіне жол бермеңіз
Суық күнде жылытылған ғимаратқа кіру немесе одан шығу сияқты жағдайлардағы
температураның кенет өзгеруі құрылғының ішінде конденсаттың жиналуына себеп
болуы мүмкін. Конденсацияға жол бермеу үшін температура кенет өзгеретін
жерлерге апармас бұрын, құрылғыны тасымалдауға арналған қапқа немесе
пластикалық дорбаға салыңыз.
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз
Құрылғыны күшті электромагниттік радиацияны немесе магниттік өрістерді
шығаратын жабдықтың жанында пайдаланбаңыз әрі сақтамаңыз. Олай ету
деректердің жоғалуына немесе фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуіне себеп
болуы мүмкін.
Объективті ұзақ уақыт бойы күшті жарық көздеріне бағыттамаңыз
Фотокамераны пайдаланғанда немесе сақтағанда, объективті күнге немесе басқа
күшті жарық көздеріне ұзақ уақыт бойы бағыттамаңыз. Қатты жарық фотосуреттерге
кескін сенсорының жұмысын нашарлатуы немесе ақ бұлдырату әсерін беруі мүмкін.
Қуат көзін немесе жад картасын алып тастаудың немесе ажыратудың
алдында өнімді өшіріңіз
Өнім қосулы болғанда немесе кескіндер сақталып немесе жойылып жатқанда,
батареяларды алып тастамаңыз. Бұл жағдайларда қуатты күштеп үзу деректердің
жоғалуына немесе жад картасына не ішкі тізбекке зақым келтіруі мүмкін.
Монитор туралы ескертпелер
Мониторлар (электрондық көріністапқыштарды қоса) аса жоғары дәлдікпен
құрастырылған; кем дегенде, 99,99% тиімді нүкте нәтижесін береді, көрінбейтін
немесе ақауы бар нүктелер 0,01% аспайды. Сондықтан осы дисплейлерде
әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк және жасыл) немесе әрдайым өшірулі
болатын (қара) нүктелердің болуы мүмкін екеніне байланысты, бұл ақаулық болып
табылмайды және осы құрылғымен жазылған кескіндерге еш әсер етпейді.
Кескіндерді күшті жарықта монитордан көру қиын болуы мүмкін.
Мониторға күш түсірмеңіз, себебі ол зақымдануға немесе дұрыс жұмыс істемеуге
әкеліп соқтырады. Монитор сынса, сынған әйнектен жарақат алу және
дисплейдегі сұйық кристалдың теріге тию, көзге не ауызға кіру қаупі
болатындықтан, абай болыңыз.
Өнімнің күтімі