Анықтамалық нұсқаулық
x
Кіріспе
Батареяларды қолданғанда
сақ болыңыз
Дұрыс қолданбаса,
батареялардың сұйықтығы ағып
кетуі немесе өзі жарылуы мүмкін.
Осы өнімде батареяларды
қолданғанда, төмендегі сақтық
шараларды қадағалаңыз:
• Батареяларды ауыстырмас
бұрын, өнімді өшіріңіз.
Айнымалы ток адаптерін
пайдаланған жағдайда, оның
розеткадан ажыратылғанын
тексеріңіз.
• Осы өніммен пайдалануға
мақұлданған батареяларды ғана
пайдаланыңыз (A 6). Ескі және
жаңа, сондай-ақ әр түрлі үлгідегі
немесе түрдегі батареяларды
бірге пайдаланбаңыз.
• Егер зарядталатын Nikon
никель-металлгидрид EN-MH2
(EN-MH2-B2 немесе EN-MH2-B4)
батареялары бөлек сатып
алынған болса, әрқайсысын
бөлек зарядтаңыз және
пайдаланыңыз. Әр түрлі жұптың
батареяларын біріктірмеңіз.
• Зарядталатын EN-MH2
батареялары Nikon сандық
фотоаппараттарымен
пайдалануға ғана арналған және
COOLPIX L30 фотоаппаратымен
үйлесімді болып келеді.
• Батареяларды дұрыс салыңыз.
• Батареяларды қысқартпаңыз
немесе бөлшектемеңіз,
сондай-ақ батареяның оқшауын
немесе қаптамасын шешпеңіз
немесе бұзбаңыз.
• Батареяларды отқа тастамаңыз
немесе қатты қыздырмаңыз.
• Суға батырмаңыз немесе сулы
жерде пайдаланбаңыз.
• Моншақтар немесе шаш
қыстырғыштары сияқты темір
заттармен тасымалдамаңыз
немесе сақтамаңыз.
• Заряды толық біткенде
батареялар сұйықтық шығаруға
бейім болады. Өнімді зақымдап
алмау үшін, заряды болмаған
батареяны өнімнен шығарып
қоюды ұмытпаңыз.