Анықтамалық нұсқаулық
E71
Анықтамалық нұсқаулық
Format Memory (Жадты пішімдеу)/Format Card (Картаны пішімдеу)
Осы параметрді ішкі жадты немесе жад картасын пішімдеу үшін пайдаланыңыз.
Ішкі жадты немесе жад картасын пішімдегенде ондағы бүкіл деректер
біржолата жойылады. Жойылған деректерді қайтару мүмкін емес.
Пішімдеудің алдында маңызды кескіндер компьютерге тасымалдануын тексеріңіз.
• Пішімдеу барысында фотокамераны өшірмеңіз және батарея бөлімінің/жад
картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз.
• Фотокамераның ішкі жадын пішімдеу үшін, алдымен жад картасын шығарып
алыңыз. Параметрлер мәзірінде Format memory (Жадты пішімдеу) параметрі
көрсетіледі.
• Жад картасын пішімдеу үшін жад картасын фотокамераға енгізіңіз. Параметрлер
мәзірінде Format card (Картаны пішімдеу) параметрі көрсетіледі.
Language (Тіл)
Фотокамера мәзірлері мен хабарларында көрсетілетін тілді таңдаңыз.
Video Mode (Бейне режим)
Теледидарға жалғау үшін параметрлерді реттеңіз.
NTSC мен PAL параметрлерінің біреуін таңдаңыз.
NTSC және PAL – аналогтық түсті теледидар хабар таратуға арналған стандарттар.
d түймешігі M z мəзір белгішесі M Format memory (Жадты пішімдеу)/Format card
(Картаны пішімдеу) M k түймешігі
d түймешігі M z мəзір белгішесі M Language (Тіл) M k түймешігі
d түймешігі M z мəзір белгішесі M Video mode (Бейне режим) M k түймешігі