Анықтамалық нұсқаулық

xi
Кіріспе
Батареяда кез келген түссіздену
немесе деформация сияқты
өзгеріс байқалса, пайдалануды
дереу тоқтатыңыз.
Зақымданған батареялардан шыққан
сұйықтық киімге немесе теріге тисе,
дереу сумен көбірек шайыңыз.
Батарея зарядтағыштарды
(бөлек сатылады)
пайдаланғанда төмендегі
сақтық шараларды
қадағалаңыз
Құрғақ ұстаңыз. Бұл сақтық
шараны қадағаламаса, өрт шығуы
немесе электр тогы соғуы мүмкін.
Штепсельдің темір бөлшектеріндегі
немесе солардың жанындағы
шаңды құрғақ шүберекпен сүрту
керек. Пайдалануды жалғастыру
өртке әкелуі мүмкін.
Найзағайлы боранда қуат сымын
қолданбаңыз немесе батарея
зарядтағышқа жақындамаңыз. Бұл
сақтық шараны қадағаламаса,
электр тогы соғуы мүмкін.
Қуат сымын зақымдамаңыз,
өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз
немесе бүкпеңіз, оны ауыр
заттардың астына салмаңыз
немесе қыздырмаңыз әрі отқа
жақпаңыз. Оқшауы зақымданса
және сымдары көрініп қалса,
Nikon мақұлдаған қызмет көрсету
уәкіліне апарып тексертіңіз. Бұл
сақтық шараларды
қадағаламаса, өрт шығуы немесе
электр тогы соғуы мүмкін.
Штепсельді немесе батарея
зарядтағышты дымқыл қолмен
ұстамаңыз. Бұл сақтық шараны
қадағаламаса, электр тогы
соғуы мүмкін.