Анықтамалық нұсқаулық
F2
Техникалық ескертпелер жəне индекс
Фотокамера
Бұл Nikon өнімді ұзақ пайдалану үшін құрылғыны пайдалану немесе сақтау кезінде
«Қауіпсіздік туралы ақпарат» (A viii-xiii) бөліміндегі ескертулерге қосымша төменде
сипатталған сақтық шараларын қадағалаңыз.
B Лақтырмаңыз
Өнімді қатты соққы тисе немесе діріл әсер етсе, ол істемей қалуы мүмкін.
B Объектив пен барлық жылжымалы бөлшектерді абайлап ұстаңыз
Объективке, объектив қақпағына, мониторға, жад картасының ұяшығына немесе батарея
бөліміне тым қатты күш түсірмеңіз. Бұл бөлшектер оңай зақымдалады. Объектив қақпағына
күш түсірсеңіз, фотокамераның істемей қалуына немесе объективтің зақымдалуына әкелуі
мүмкін. Монитор сынса, сынған әйнекпен жарақат алуға болады және дисплейдегі сұйық
кристаллдың теріге тиюіне, көзге не ауызға кіруіне жол бермеңіз.
B Құрғақ күйде сақтаңыз
Құрылғы суға түсіп кетсе немесе ылғалдылық деңгейі жоғары жерлерде сақталса, ол
зақымдалуы мүмкін.
B Температураның кенет өзгеруіне жол бермеңіз
Суық күнде жылытылған ғимаратқа кіру немесе одан шығу сияқты жағдайлардағы
температураның кенет өзгеруі құрылғының ішінде конденсаттың жиналуына себеп болуы
мүмкін. Конденсацияға жол бермеу үшін температура кенет өзгеретін жерлерге апармас
бұрын құрылғыны тасымалдауға арналған қапқа немесе пластикалық дорбаға салыңыз.
B Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз
Құрылғыны күшті электромагниттік радиацияны немесе магниттік өрістерді шығаратын
жабдықтың жанында пайдаланбаңыз әрі сақтамаңыз. Радио таратқыштар сияқты
жабдықтардың күшті статикалық заряды немесе магниттік өрістері мониторға кедергі
жасауы, жад картасындағы деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі схемаларын бұзуы
мүмкін.
Өнімнің күтімі