Анықтамалық нұсқаулық

F3
Техникалық ескертпелер жəне индекс
B Объективті ұзақ уақыт бойы күшті жарық көздеріне бағыттамаңыз
Фотокамераны пайдаланғанда немесе сақтағанда объективті күнге немесе басқа күшті
жарық көздеріне ұзақ уақыт бойы бағыттамаңыз. Қарқынды жарық фотосуреттерге ақ
бұлдырату әсерін беріп, кескін сенсорының жұмысын нашарлатуы мүмкін.
B Қуат көзін алып тастаудың немесе ажыратудың алдында өнімді өшіріңіз
Өнім қосулы болғанда немесе кескіндер сақталып немесе жойылып жатқанда
батареяларды алып тастамаңыз. Қуатты осындай жағдайлардағы мәжбүрлеп өшіру
деректердің жоғалуына немесе өнім жадының немесе ішкі схеманың зақымдалуына алып
келуі мүмкін.
B Монитор туралы ескертпелер
Мониторлар және электронды көрініс тапқыштар аса жоғары дәлдікпен құрастырылған;
кем дегенде, нүктелердің 99,99% тиімді нәтиже береді, көрінбейтін немесе ақауы бар
нүктелер 0,01% аспайды. Сондықтан, осы дисплейлерде әрдайым жанып тұратын (ақ,
қызыл, көк және жасыл) немесе әрдайым өшірулі болатын (қара) нүктелердің болуы
мүмкін екеніне байланысты, бұл ақаулық болып табылмайды және осы құрылғымен
жазылған кескіндерге еш әсер етпейді.
Кескіндерді күшті жарықта монитордан көру қиын болуы мүмкін.
Монитор LED артқы жарығымен жарықтандырылады. Монитор күңгірттенетін немесе
жыпылықтайтын болса, Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
B Жарқыраған іздерге қатысты ескертпелер
Мониторда жақтауға жарқын нысандар алынғанда ақ немесе түрлі түсті сызықтар пайда
болуы мүмкін. «Жарқыраған із» деп аталатын осы бір құбылыс сурет датчигіне өте күшті
жарық сәулесі түскенде орын алады; бұл сурет датчиктерінің сипаты болып келеді әрі
ақаулық емес. Жарқыраған із, түсіру барысында, монитордың бір бөлігінің түссізденуі
түрінде орын алуы да мүмкін. Бейнефильмдер мен суреттер Multi-shot 16 (16 сурет
түсіру) параметрі Continuous (Тоқтаусыз) күйіне қойылып сақталған жағдайлардан тыс
бұл құбылыс фотокамерамен түсірілген суреттерде орын алмайды. Осы режимдерде
түсіргенде, күн, күннің шағылысқан сәулесі және электр жарықтары сияқты жарқын заттарға
фотоаппаратты бағыттамаған жөн.