Анықтамалық нұсқаулық

F4
Техникалық ескертпелер жəне индекс
Батареялар
Пайдаланбас бұрын «Қауіпсіздік туралы ақпарат» бөлімінде (A viii-xiii) ескертулерді
оқуды және орындауды ұмытпаңыз.
B Батареяларды пайдалануға қатысты ескертпелер
Қолданылған батареялар қызуы мүмкін. Абайлап ұстаңыз.
Батареяларды ұсынылған қызмет мерзімінен асыра пайдаланбаңыз.
Заряды жоқ батареялар фотокамераға салынған жағдайда, фотокамераны қайта-қайта
қосып, өшірмеңіз.
B Қосалқы батареялар
Түсіру жеріне байланысты қосалқы батареяларды алып жүрген жөн. Кейбір аймақтарда
батареяларды сатып алу қиынға соғуы мүмкін.
B Батареяларды зарядтау
Қосымша зарядталатын батареялар пайдаланылса, батареяларды суретке түсіру алдында
зарядтап алыңыз. Сатылғанда батареялар зарядтаулы болмайды.
Пайдалану нұсқаулығындағы ескертулерді және зарядтау құрылғысымен бірге берілетін
жұмыс нұсқауларын оқуды және орындауды ұмытпаңыз.
B Зарядталатын батареяларды зарядтау
Қалған заряд деңгейі немесе үлгісі не түрі әр түрлі батареяларды бірге пайдаланбаңыз.
EN-MH2 батареяларын фотокамераларымен пайдаланған кезде оларды MH-72 зарядтау
құрылғысымен екеуін зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысын пайдаланған кезде MH-73 бір
уақытта екі немесе төрт батареяны зарядтаңыз. EN-MH2 батареяларын тек MH-72 немесе
MH-73 зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
MH-72 немесе MH-73 зарядтау құрылғысымен тек EN-MH2 батареяларын зарядтаңыз.
B Зарядталатын EN-MH1 батареялары жəне зарядтау құрылғысы туралы
ескертпелер MH-70/71
Әрі осы фотокамерамен EN-MH1 қайта зарядталмалы никель-металгидридті
батареяларын пайдалануға болады.
EN-MH1 батареяларын тек MH-70 немесе MH-71 зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
MH-70 немесе MH-71 зарядтау құрылғысымен тек EN-MH1 батареяларын зарядтаңыз.
Реттеу мәзіріндегі Battery type (Батарея түрі) параметрін (A 24, E74) COOLPIX
(Ni-MH) күйіне орнатыңыз.