Анықтамалық нұсқаулық
F5
Техникалық ескертпелер жəне индекс
B Зарядталатын никель-металгидридті батареяларға қатысты ескертпелер
• Біраз заряды қалған қайта зарядталмалы никель-металгидридті батареяларын
қайта-қайта зарядтаса, батареялар қолданылғанда, Battery exhausted. (Батарея заряды
бітті.) хабары алдын ала көрсетілуі мүмкін. Бұл «жад әсеріне» байланысты болады, яғни
батареялар сақтай алатын заряд көлемі уақытша азаяды. Батареяларды ішінде заряд
қалмағанша пайдаланыңыз, сонда бәрі қалыпты жағдайға қайтады.
• Зарядталатын никель-металгидридті батареялардың заряды қолданылмағанда да
таусылады. Батареяларды пайдаланудың дәл алдында зарядтауды ұсынамыз.
B Суық қоршаған ортада пайдалану
Батареяның өнімділігі суық қоршаған орталарда азаяды. Фотокамераны суық орталарда
пайдаланғанда, фотокамераның және батареялардың тым қатты салқындауына жол
бермеңіз. Суық орталарда заряды біткен батареяларды пайдаланған жағдайда фотокамера
істемеуі мүмкін. Қосалқы батареяларды жылы ұстаңыз және батареялардың екі жинағы
арасында ауыстырыңыз. Тым салқындағаннан қолдануға келмейтін батареяларды
жылытқаннан кейін қайта пайдалануға болады.
B Батареялардың түйіспелері
Батареяның түйіспесіндегі кір фотокамераның жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Түйіспелердегі кірді құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
B Батареядағы қалған заряд
Заряды біткен батареяларды фотокамераға салса, фотокамера батареяларда жеткілікті
заряд қалғанын білдіруі мүмкін. Бұл батареяларға лайықты сипат.
B Қайта өңдеу
Қолданылған батареялар бағалы ресурс болып келеді. Қолданылған батареяларды
жергілікті заңдарға сәйкес қайта өңдеңіз. Қайта өңдегенде батареялардың түйіспелерін
таспамен жабыңыз.