Анықтамалық нұсқаулық
F6
Техникалық ескертпелер жəне индекс
Жад карталары
• Secure Digital жад карталарын ғана пайдаланыңыз. Ұсынылатын жад карталары туралы
ақпаратты «Бекітілген жад карталары» (F20) бөлімінен қараңыз.
• Жад картасымен бірге берілген құжаттамадағы сақтық шараларын қадағалаңыз.
• Жад картасына белгілер немесе жапсырмалар жабыстырмаңыз.
• Жад картасын компьютермен пішімдемеңіз.
• Осы фотокамераға басқа құрылғыда қолданылған жад картасын алғаш салғанда, оны
фотокамерамен пішімдеу керек болады. Жаңа жад карталарын бұл фотокамерамен
пайдаланудың алдында оларды бұл фотокамерамен пішімдеуді ұсынамыз.
• Жад картасын пішімдесе, ондағы бүкіл кескіндер мен басқа деректер
жойылатынын ескеріңіз. Жад картасында қалуы керек деректер бар болса, пішімдеу
алдында сол деректерді компьютерге көшіріп алыңыз.
• Фотокамера қосулы кезде Card is not formatted. Format card? (Карта пішімделмеген.
Карта пішімделсін бе?) хабары көрсетілсе, жад картасын пішімдеу керек. Егер жад
картасында өшіргіңіз келмейтін деректер болса, No (Жоқ) параметрін таңдап,
k түймешігін басыңыз. Сол деректерді пішімдемес бұрын компьютерге көшіріңіз. Жад
картасын пішімдеу үшін Yes (Иə) параметрін таңдаңыз.
• Жад картасын пішімдегенде, кескіндерді сақтағанда және жойғанда, сондай-ақ оларды
компьютерге көшіргенде, төмендегі сақтық шараларын қадағалаңыз, әйтпесе деректер
немесе жад картасының өзі зақымдануы мүмкін.
- Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе жад картасын не
батареяны шығармаңыз.
- Фотокамераны өшірмеңіз.
- Айнымалы ток адаптерін ажыратпаңыз.