Анықтамалық нұсқаулық

F7
Техникалық ескертпелер жəне индекс
Тазалау
Спирт, еріткіш немесе басқа буланатын химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау
Фотокамераны пайдаланбайтын кезде оны өшіріңіз. Фотокамераны қорапқа салудың
алдында іске қосылу шамы жанбай тұрғанын тексеріңіз. Фотокамера ұзақ
қолданылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз. Фотокамераны керосинмен немесе
камфоралық нафталин шарларымен бірге, не болмаса төмендегі жерлерде сақтамаңыз:
Теледидарлар немесе радио қабылдағыштар сияқты күшті электр магнитті өрістер
шығаратын жабдықтың жанында
–10°C-тан төмен немесе 50°C-тан жоғары температурада
Нашар желдетілетін немесе ылғалдылығы 60%-дан жоғары жерлерде
Зеңнің пайда болуын алдын алу үшін фотокамераны сақтау орнынан кем дегенде
айына бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны сақтау орнына қайта қою үшін
фотокамераны қосып, ысырманы бірнеше рет босатыңыз.
Батареяларды сақтау үшін «Батареялар» (F4) және «Өнімнің күтімі» (F2)
бөліміндегі сақтық шараларын орындаңыз.
Тазалау жəне сақтау
Объектив
Саусағыңызды әйнек бөлшектерге тигізбеңіз. Шаңды немесе ұлпабасты ауа
үргішпен кетіріңіз (әдетте, бір шетінде резеңкелі баллон екінші шетінен ауаны
алу үшін пайдаланатын кішігірім құрылғы). Ауа үргішпен кетпейтін саусақ
іздері немесе басқа да дақтарды кетіру үшін объективті жұмсақ шүберекпен,
объективтің ортасынан оның шеттеріне қарай айналмалы қозғалыспен
сүртеді. Егер бұл көмектеспесе, объективті тазалауға арналған сұйықтыққа
сәл малынған шүберекпен тазалаңыз.
Монитор
Шаңды немесе ұлпабасты ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздерін немесе
басқа да дақтарды кетіру үшін мониторды жұмсақ шүберекпен қатты күш
түсірмей тазалаңыз.
Корпус
Шаңды, ұлпабасты немесе құмды кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз,
содан соң жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Фотокамераны жағажайда немесе басқа құмды немесе шаңды жерде
қолданғанда, құмды, шаңды немесе тұзды таза суға сәл малынған құрғақ
шүберекпен сүртіңіз де, мұқият кептіріп алыңыз. Фотокамераның ішіндегі
бөгде зат кепілдікке кірмейтін зақым келтіруі мүмкін екенін ескеріңіз.