Анықтамалық нұсқаулық

xii
Кіріспе
Тасымалдау түрлендіргіштерімен
немесе бір кернеуден екіншісіне
түрлендіруге арналған
адаптерлермен, не болмаса
DC-AC инвертерлерімен бірге
пайдаланбаңыз. Осы сақтық
шараны қадағаламаса, өнім
зақымдануы, қызуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Тиісті кабельдерді
пайдаланыңыз
Кіріс және шығыс ұяларына
кабельдерді жалғағанда, өнімнің
ережелеріне сай болуы үшін Nikon
компаниясы сол мақсатта
қамтамасыз еткен немесе сатқан
кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
Қозғалатын бөлшектерді
абайлап пайдаланыңыз
Саусақтарыңыз немесе басқа
заттар объектив қақпағына немесе
басқа қозғалатын бөлшектерге
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Жарқылды пайдаланғанда
абай болыңыз
Нысан көзінің жанында жарқылды
пайдаланса, оның көру қабілеті
уақытша жоғалуы мүмкін. Жарқыл
нысаннан кемінде 1 м жерде болуы
керек. Сәбилерді суретке
түсіргенде өте абай болу керек.
Жарқылды оның терезесі
адамға немесе затқа тиіп
тұрғанда істетпеу керек
Бұл сақтық шараны қадағаламаса,
күйік жара алынуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Сұйық кристаллға тимеңіз
Монитор сынса, сынған әйнекпен
жарақат алуға және монитордағы
сұйық кристаллдың теріге тиюіне,
көзге не ауызға кіруіне жол
бермеңіз.