Анықтамалық нұсқаулық
6
Түсіруге дайындау
Түсіруге дайындау
1 Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының
қақпағын ашыңыз.
• Батареялардың түсіп қалуын алдын алу үшін
фотокамераның астыңғы жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2 Батареялар мен жад
карталарын енгізіңіз.
• Оң (+) және теріс (–) батарея
терминалдарының дұрыс бағытталып
тұрғанына көз жеткізіп, батареяларды
салаңыз.
• Дұрыс бағытта екенін тексеріп, жад
картасын орнына «сырт» етіп
түскенше сырғытыңыз.
B Жад картасын дұрыс бағытта
салғанда абай болыңыз
Жад картасын төңкеріп немесе
теріс салса, фотокамера жəне жад
картасы зақымдануы мүмкін.
3 Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының
қақпағын жабыңыз.
Қолданылатын батареялар
• Екі LR6/L40 (AA өлшемді) сілті батареялар (бірге жеткізілетін батареялар)
• Екі FR6/L91 (AA өлшемді) литий батареясы
• Екі EN-MH2 қайта зарядталмалы никель-металгидридті батарея
Батареялар мен жад картасын енгізіңіз
1
2
3
Жад картасының
ұяшығы
2
1