Анықтамалық нұсқаулық

11
Түсіруге дайындау
C Auto Off (Автоматты өшу) функциясы
Егер фотокамера 30 секунд ішінде пайдаланылмаса, монитор өшіріледі, фотокамера күту
режиміне өтеді және іске қосылу шамы жыпылықтайды. Фотокамера күту режимінде
шамамен үш минут тұрған соң ажыратылады.
Фотокамераның күту режиміне енуіне дейінгі уақытты орнату мәзіріндегі Auto off
(Автоматты өшу) параметрін (A 24, E70) пайдаланып өзгертуге болады.
Фотокамера күту режимінде тұрғанда, монитор төмендегі әрекеттердің біреуі
орындалғанда қайта қосылады:
Қуат ажыратқышын, ысырманы босату түймешігін, A (түсіру режимі) түймешігін,
c (қарау) түймешігін немесе b (e бейнефильмді жазу) түймешігін басу
C Тіл параметрін жəне күн мен уақыт параметрін өзгерту
Осы параметрлерді z параметр мәзіріндегі (A 24) Language (Тіл) және Time zone and
date (Уақыт белдеуі жəне күн) баптаулары арқылы өзгертуге болады.
z параметрлер мәзірінде жазғы уақытты іске қосу не өшіру үшін Time zone and date
(Уақыт белдеуі жəне күн) опциясын, сосын Time zone (Уақыт белдеуі) опциясын
таңдаңыз. Мульти селектордың K түймешігін басыңыз, одан кейін жазғы уақытты іске қосу
үшін H басып, уақытты бір сағатқа алға жылжытыңыз немесе жазғы уақытты өшіру үшін
I басып, уақытты бір сағатқа артқа жылжытыңыз.
C Сағат батареясы
Фотокамераның сағаты кірістірілген қосымша батареядан қуат алады. Негізгі батареялар
фотокамераға салынғанда немесе фотокамера қосымша айнымалы ток адаптеріне
жалғанғанда қосымша батарея зарядталады әрі шамамен он сағаттай зарядталғаннан
кейін бірнеше күн жұмыс істей алады.
Фотокамераның қосымша батареясының қуаты бітсе, фотокамера қосылғанда күн мен
уақыт параметрінің экраны көрсетіледі. Күн мен уақытты қайта орнатыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін (A 8) «Фотокамераны іске қосу және дисплей тілін, күнді және уақытты
орнату» 3-қадамды қараңыз.