Анықтамалық нұсқаулық

14
Фотокамераны пайдалану
Масштабты пайдалану
Масштаб дөңгелегі бұралғанда масштаб объективінің
күйі өзгереді.
Нысанды ұлғайту үшін: g мәніне бұраңыз (телефото)
Кішірейтіп, үлкенірек аймақты көру үшін: f мәніне
бұраңыз (кең бұрышты)
Фотокамераны қосқанда, масштаб ең жоғарғы кең
бұрышты күйге өтеді.
Масштаб дөңгелегі бұралғанда, масштабтау
индикаторы монитордың жоғарғы жағында
көрсетіледі.
Фотокамера объективі ең үлкен оптикалық
масштабтау күйіне ұлғайғанда, сандық масштабтауды
(нысанды қосымша шамамен 4× оптикалық
масштабтаудың ең үлкен өлшеміне дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді) масштаб
дөңгелегін g мәніне бұрап ұстау арқылы іске қосуға болады.
C Сандық масштабтау жəне интерполяция
Сандық масштабтауды пайдалану барысында масштаб V күйінен
асқан кездегі интерполяцияға байланысты сурет сапасы
нашарлайды.
Ысырманы босату түймешігі
Жартылай басу
Фокус пен экспозицияны (ысырма жылдамдығы және
апертура мәні) орнату үшін ысырманы босату түймешігін
басып (жартылай), кедергіні сәл сезгенде жіберіңіз. Фокус
және экспозиция ысырманы босату түймешігі жартылай
басылғанда құлыптаулы қалады.
Толық басу
Ысырманы босату және кескін түсіру үшін ысырманы босату
түймешігін толық басыңыз.
Ысырманы босату түймешігін күшпен баспаңыз, фотокамера
дірілдеп, суреттер бұлыңғырланып түсірілуі мүмкін.
Түймешікті ақырын басыңыз.
Кішірейту Ұлғайту
Оптикалық
масштабтау
Сандық
масштабтау