Анықтамалық нұсқаулық

15
Фотокамераны пайдалану
B Автоматты таңдау режимі туралы ескертпелер
Суретке түсіру жағдайларына қарай фотокамера керекті көрініс режимін таңдай алмауы
мүмкін. Бұндай жағдайда басқа түсіру режимін (E4, E8, E10) таңдаңыз.
Сандық масштабтау қосулы тұрғанда, көрініс режимі U деп өзгереді.
B Суреттерді сақтауға жəне бейнефильмдерді жазуға қатысты ескертпелер
Қалған кадрлар санын немесе бейнефильмнің максималды ұзақтығын көрсететін
индикатор суреттер сақталып жатқанда немесе бейнефильм жазылып жатқанда
жыпылықтайды.
Индикатор жыпылықтағанда батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяларды не жад картасын
шығармаңыз.
Олай істемеген жағдайда деректер жоғалады немесе фотокамера не жад картасы
зақымдалады.
C Штативті пайдаланғанда
Фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті келесі жағдайларда пайдалану ұсынылады.
Жарықта түсіргенде
Жарқыл режимімен (E12) түсірген кезде W (өшірулі) күйіне орнату
Телефото параметрі қолданылғанда