Анықтамалық нұсқаулық
20
Түсіру мүмкіндіктері
Түсіру мүмкіндіктері
Төмендегідей түсіру режимдері бар.
• G Easy auto mode (Автоматты таңдау режимі) (E3)
Сурет жақтауға алынғанда фотокамера оңтайлы көрініс режимін автоматты түрде
таңдап, көрініске сай параметрлер арқылы суретке түсіруді оңайлатады.
• b Көрініс режимі (E4)
Фотокамера баптаулары таңдалған көрініске байланысты оңтайландырылады.
• F Smart portrait (Зерделі портрет) (E8)
Фотокамера жымиған бетті анықтағанда, суретті ысырманы босату түймешігін
баспай түсіруге болады (жымию таймері).
Адам бетінің реңін тегістеу үшін реңін жұмсарту мүмкіндігін де пайдалануға
болады.
• A Auto mode (Автоматты режим) (E10)
Жалпы түсіруге арналған.
Суретке түсіру жағдайларына және түсіру түріне сәйкестендіру үшін
параметрлерді реттеуге болады.
1 Түсіру экранындағы A (түсіру режимі)
түймешігін басыңыз.
Түсіру режимін ауыстыру