Анықтамалық нұсқаулық

26
Фотоаппаратты теледидарға, компьютерге немесе принтерге жалғау
Фотоаппаратты теледидарға, компьютерге немесе принтерге жалғау
Фотоаппаратты теледидарға, компьютерге немесе принтерге жалғап суреттерді
және бейнефильмдерді бұрынғыдан да жақсы түрде тамашалауға болады.
Фотоаппаратты сыртқы құрылғыға жалғамас бұрын, қалған батарея зарядының
жеткілікті екенін тексеріп, фотоаппаратты өшіріңіз. Ажырату алдында
фотокамераның өшіп тұрғанын тексеріңіз.
EH-65A айнымалы ток адаптері (бөлек сатылады) пайдаланылса, бұл
фотокамераны электр розеткадан зарядттауға болады. Басқа үлгідегі немесе
түрдегі айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз, фотокамера қызуы немесе
дұрыс істемеуі мүмкін.
Байланыс орнату әдістері мен одан кейінгі жұмыстар туралы ақпаратты осы
құжатпен бірге құрылғымен берілген құжаттамаларды қараңыз.
Қосу əдістері
Штепсельді тура кіргізіңіз.
USB/дыбыс/бейне шығысының қосқышы
Жалғағыш қақпағын ашыңыз.