Анықтамалық нұсқаулық

29
Фотоаппаратты теледидарға, компьютерге немесе принтерге жалғау
Суреттерді компьютерге тасымалдау
1 Суреттердің компьютерге көшірілу жолын таңдаңыз.
Төмендегі әдістердің біреуін таңдаңыз:
SD карта ұясы: компьютеріңізде SD карта ұясы бар болса, картаны тікелей ұяға
салуға болады.
SD карта оқу құралы: карта оқу құралын (үшінші тарап жеткізушілерінен бөлек
сатып алуға болады) компьютерге жалғап, жад картасын салыңыз.
Тікелей USB байланысы
: фотоаппаратты өшіріп, жад картасы фотоаппаратқа
салынғанын тексеріңіз. Фотокамераны компьютерге USB кабелімен жалғаңыз.
Фотоаппаратты қосыңыз.
C Ішкі жадта сақталған суреттерді компьютерге тасымалдау
Төменде көрсетілген әдістердің бірін орындаңыз.
Ойнату мәзіріндегі Copy (Көшіру) (A 24, E57) мүмкіндігін пайдалану арқылы ішкі
жадта сақталған суреттерді жад картасына көшіріп, жад картасында сақталған
суреттерді компьютерге көшіріңіз.
Жад картасын фотокамераға салмай, оны компьютерге жалғаңыз.