Анықтамалық нұсқаулық

E7
Анықтамалық нұсқаулық
B Үй жануарының портретін автоматты түсіру
Pet portrait auto release (Үй жануарының портретін автоматты түсіру) параметрлерін
өзгерту үшін мульти селектордың J (n) басыңыз.
- Y: фотокамера иттің немесе мысықтың бетін анықтаған кезде, ысырма автоматты түрде
босатылады.
- k: фотокамера тіпті иттің немесе мысықтың беті анықталса да, ысырманы автоматты
түрде босатпайды. Ысырманы босату түймешігін басыңыз. Сондай-ақ, k параметрі
таңдалған кезде фотокамера адам беттерін де анықтайды.
Қатарынан бес рет түсіргеннен кейін Pet portrait auto release (Үй жануарының
портретін автоматты түсіру) параметрі k мәніне орнатылады.
Сондай-ақ, Pet portrait auto release (Үй жануарының портретін автоматты түсіру)
параметріне қарамастан ысырманы босату түймешігін басу арқылы суретке түсіруге
болады. Continuous (Тоқтаусыз) параметрі таңдалған кезде ысырманы босату
түймешігін соңына дейін басу арқылы суреттерді үздіксіз түсіруге болады.
B Фокустау аумағы
Фотокамера бетті анықтаған кезде бет сары жақтаудың
ішінде көрсетіледі. Фотокамера қос жақтау (фокустау
аумағы) ішінде көрсетілген бетке фокусталған кезде қос
жақтау жасыл түспен жанады. Ешбір адамның беті
анықталмаса, фотокамера жақтаудың ортасындағы
нысанды фокусқа алады.
Кейбір суретке түсіру жағдайларында үй жануарының беті
анықталмауы мүмкін және басқа да нысандар жақтаудың
ішінде көрсетілуі мүмкін.
O Pet portrait (Үй жануарының портреті)
Фотокамераны итке немесе мысыққа бағыттаған кезде фотокамера үй жануарының
бетін анықтап, оған фокусталады. Әдепкі параметр бойынша фотокамера иттің немесе
мысықтың бетін анықтаса, ысырма автоматты түрде босатылады (үй жануарының
портретін автоматты түсіру).
O Pet portrait (Үй жануарының портреті) параметрі таңдалғаннан кейін көрсетілетін
экраннан Single (Бір кадр) немесе Continuous (Тоқтаусыз) мәнін таңдаңыз.
- Single (Бір кадр): фотокамера иттің немесе мысықтың бетін анықтаған кезде, ол бір
рет суретке түсіреді.
- Continuous (Тоқтаусыз): фотокамера иттің немесе мысықтың бетін анықтаған кезде,
ол қатарынан үш рет суретке түсіреді.
1 4 0 0
1400
5 m 0 s
5m 0s