Анықтамалық нұсқаулық
E8
Анықтамалық нұсқаулық
Фотокамера жымиған бетті анықтағанда суретті ысырманы босату түймешігін
баспастан түсіруге болады (жымию таймері (E49)). Адам бетінің реңкін бет реңкін
жұмсарту мүмкіндігімен тегістеуге болады.
1 Суретті жақтауға алыңыз.
• Фотокамераны адам бетіне бағыттаңыз.
2 Ысырманы босату түймешігін баспай тұрып, нысанның
жымиғанын күтіңіз.
• Егер фотокамераның қос жақтауы беттің жымиып тұрғанын анықтаса ысырма
автоматты түрде босатылады.
• Фотокамера жымиып тұрған бетті әр анықтаған сайын ол ысырманы автоматты
түрде босатады.
3 Автоматты түсіруді аяқтаңыз.
• Түсіруді аяқтау үшін төменде берілген әрекеттердің біреуін орындаңыз.
- Smile timer (Жымию таймері) параметрін Off (Өшірулі) мәніне орнатыңыз.
- A түймешігін басып, басқа түсіру режимін таңдаңыз.
B Смарт портрет режиміне қатысты ескертпелер
Кейбір суретке түсіру жағдайларында фотокамера беттерді немесе жымиюларды анықтай
алмауы мүмкін (E20). Түсіру үшін ысырманы босату түймешігін де пайдалануға болады.
C Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтағанда
Жымию таймерін пайдаланғанда фотокамера адам бетін анықтаса, өздігінен түсіруді
реттейтін таймер шамы жыпылықтайды, ал ысырма босатылғаннан кейін жылдам
жыпылықтайды.
Смарт портрет режимі (Жымиған беттердің
суреттерін түсіру)
Түсіру режимі
M
A
(түсіру режимі) түймешігі
M
F
Смарт портрет режимі
M
k
түймешігі