Анықтамалық нұсқаулық

E12
Анықтамалық нұсқаулық
Қол жетімді жарқыл режимдері
U
Auto (Автоматты)
Жарқыл қажет кезде, мысалы, күңгірт жарық кезде жанады.
Параметр орнатылғаннан кейін ғана жарқыл режимі түсіру экранында
көрсетіледі.
V
Auto with red-eye reduction (Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігімен автоматты)
Портреттердегі жарқылдан пайда болатын қызыл көз әсерін (E13) азайтыңыз.
W
Off (Өшірулі)
Жарқыл жанбайды.
Қараңғы айналада түсірген кезде фотокамераны орнықты етіп ұстау үшін
штативті пайдаланған жөн.
X
Fill flash (Толықтырғыш жарқыл)
Суретке түсіру кезінде жарқыл жанады. Оны көлеңкелерді және артқы жағынан
жарық түсіп тұрған нысандардың «қосымша жарығы» (жарықтандыру) үшін
пайдаланыңыз.
Y
Slow sync (Баяу синхрондау)
Артқы фонда көріністері бар кешкі немесе түнгі портреттерге ыңғайлы. Негізгі
нысанды жарықтандыру қажет кезде жарқыл жанады, ал түнде немесе қараңғы
жерде артқы фонды түсіру үшін ысырманың баяу жылдамдықтары
пайдаланылады.