Анықтамалық нұсқаулық

v
Кіріспе
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Өмір бойы үйрену
Nikon компаниясының «Өмір бойы үйрену» міндеттемесінің бөлігі ретінде ағымдағы өнімге
қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі
тораптарда қол жетімді болады:
АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
Еуропа мен Африка пайдаланушылары үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания мен Таяу Шығыс пайдаланушылары үшін: http://www.nikon-asia.com/
Осы тораптарға өтіп соңғы өнімдердің ақпаратын, кеңестерін, жиі қойылатын сұрақтардың
жауаптарын және сандық бейнелеу мен фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңестерді
алыңыз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс
мәліметтерін алу үшін төмендегі торапқа кіріңіз:
http://imaging.nikon.com/
Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдарды ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған және күрделі
электронды схеманы қамтиды. Тек Nikon компаниясы арнайы түрде осы Nikon сандық
фотокамерасымен пайдалану үшін сертификаттаған Nikon брендінің электрондық
керек-жарақтарына (батарея зарядтағыштарын, батареяларды, айнымалы ток адаптерлерін
және кабельдерді қоса) ғана инженерлік қызмет көрсетіледі және осы қолданысқа және осы
электрондық схеманың қауіпсіздік талаптарының ауқымында пайдалануға жарамды.
NIKON МАРКАЛЫ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ФОТОАППАРАТҚА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУІ ЖӘНЕ
NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ МҮМКІН.
Nikon тауар белгісі бар керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nikon жергілікті
өкілетті сатушыларымен байланысыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды оқиғаларда (мысалы үйлену тойларында немесе фотокамераны саяхатта алып жүргенде)
сурет түсірмес бұрын, сынап түсіріп фотокамераның дұрыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Өнімнің істемеуі
нәтижесінде пайда болған зақымдар немесе жоғалған табыстар үшін Nikon жауапты болмайды.