Анықтамалық нұсқаулық

E20
Анықтамалық нұсқаулық
Фокустау аумағы түсіру режиміне қарай әр түрлі болады.
Бетті анықтау мүмкіндігін пайдалану
Төмендегі түсіру режимінде фотокамера бетін анықтау
мүмкіндігімен автоматты түрде адам беттерін фокусқа
алады.
Portrait (Портреттік) немесе Night portrait (Түнгі
портрет) G (easy auto) режимінде (E3)
Portrait (Портреттік) немесе Night portrait (Түнгі
портрет) мәні көрініс режимінде (E4)
Смарт портрет режимі (E8)
Фотокамера бірнеше бетті анықтаса, фотокамера фокусқа алатын бет қос жақтауға
алынып, қалған беттер бір жақтаумен қоршалады.
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда ешбір бет анықталмаса,
фотокамера жақтаудың ортасындағы нысанды фокусқа алады.
B Бетті анықтау мүмкіндігі туралы ескертпелер
Фотокамераның беттерді анықтау мүмкіндігі бірнеше факторға, соның ішінде нысанның
қарап тұрған бағытына тәуелді болады.
Фотокамера төмендегі жағдайларда беттерді анықтай алмауы мүмкін:
- Беттер күннен қорғау көзілдірігімен жартылай немесе басқадай жабылғанда
- Беттер жақтаудың тым көп не тым аз бөлігін алғанда
Фокустау
1 4 0 0
1400
5 m 0 s
5m 0s