Анықтамалық нұсқаулық

E21
Анықтамалық нұсқаулық
Тері реңкін жұмсарту функциясын пайдалану
Төменде тізімделген түсіру режимдерінің бірін пайдалану барысында ысырма
босатылған кезде фотокамера адам беттерін анықтап, суретті өңдеп бет реңктерін
жұмсартады (үш бетке дейін).
Смарт портрет режимі (E8)
Portrait (Портреттік) немесе Night portrait (Түнгі портрет) G (easy auto)
режимінде (E3)
Portrait (Портреттік) немесе Night portrait (Түнгі портрет) мәні көрініс
режимінде (E4)
B Теріні жұмсартуға қатысты ескертпелер
Түсіргеннен кейін суреттерді сақтауға әдеттегіден көбірек уақыт кетуі мүмкін.
Кейбір суретке түсіру жағдайларында тері реңкін жұмсарту мүмкіндігінің кейбір
нәтижелері алынбауы және тері реңкін жұмсарту суреттің адам беті жоқ бөлігінде
қолданылуы мүмкін.
Автофокус үшін жарамсыз нысандар
Фотокамера төмендегі жағдайларда күтілгендей фокусталмауы мүмкін. Кейбір сирек
кездесетін жағдайларда, фокустау аумағы не фокустау индикаторы жасыл болып
жанса да нысан фокусқа алынбаған болуы мүмкін:
Нысан өте күңгірт болғанда
Көріністе жарықтық айырмашылығы әр түрлі нысандар болғанда (мысалы,
нысанның артындағы күн сол нысанның күңгірт болып көрінуіне себеп болғанда)
Нысан мен айналасындағы заттар арасында контраст болмағанда (мысалы,
портреттік нысан ақ жейде киіп, ақ қабырғаның алдында тұрғанда)
Бірнеше нысан фотокамерадан әртүрлі қашықтықта (мысалы, тор ішіндегі нысан)
Өрнектері қайталанатын нысандар (перделер, ұқсас пішімді терезелердің бірнеше
қатары бар ғимараттар, т.б.)
Нысан жылдам қозғалып тұрғанда
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда, ысырманы босату түймешігін жартылай басып
бірнеше рет қайта фокустап көріңіз немесе қажетті нысанмен фотокамерадан бір
қашықтықта тұрған басқа бір нысанды фокусқа алып, фокустау құлпын
пайдаланыңыз (E22).