Анықтамалық нұсқаулық
E25
Анықтамалық нұсқаулық
Суреттерді өңдеудің алдында
Суреттерді осы фотокамерада оңай өңдеуге болады. Өңделген көшірмелер бөлек
файлдар ретінде сақталады.
• Өңделген көшірмелер бастапқы сурет түсірілген күн мен уақытпен сақталады.
C Суретті өңдеуге қатысты шектеулер
Өңделген көшірмені басқа өңдеу функциясымен қосымша өзгерткенде келесі шектеулерді
қадағалаңыз.
• Өңдеу функцияларымен жасалған көшірмелерді сол функциялармен қосымша түрде
өңдеу мүмкін болмайды.
Фотосуреттерді өзгерту
Пайдаланылған өңдеу
функциясы
Пайдаланылатын өңдеу функциялары
D-Lighting
Керемет өңдеу, кішігірім сурет немесе кесу функциясын
пайдалануға болады.
Glamour retouch
(Керемет өңдеу)
D-Lighting, кішкене сурет немесе кесу функциясын
пайдалануға болады.
Small picture (Кішкене
сурет)
Кесу
Басқа өңдеу функциясын пайдалану мүмкін емес. Басқа
өңдеу функцияларымен тіркесімде пайдалану кезінде басқа
өңдеу функциялары қолданылғаннан кейін кішігірім сурет
немесе кесу функциясын пайдаланыңыз.