Анықтамалық нұсқаулық
vi
Кіріспе
Нұсқаулықтар туралы ақпарат
• Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы өніммен берілген нұсқаулықтардың
ешбір бөлігін ешбір түрде ешбір жолмен қайта шығаруға, тасымалдауға, қайта жазуға,
іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген тілге аударуға болмайды.
•
Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдықтың және бағдарламалық құралдың
техникалық сипаттарын кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертуге құқылы.
•
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудың нәтижесінде орын алған зақымдар үшін жауапты болмайды.
• Осы нұсқаулықтардағы ақпараттың дәл әрі толық болуына барлық күш-жігер
жұмсалғанмен, кез келген қатені немесе жетіспеушілікті аймағыңыздағы Nikon уәкіліне
(мекенжай бөлек беріледі) хабарлауыңыз көп септігін тигізер еді.
Көшірме жасау немесе қайта шығару тыйымына қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе басқа құрылғы көмегімен сандық түрде көшірілген немесе қайта
шығарылған материалды иеленудің өзі заң бойынша жазалануы мүмкін екенін ескеріңіз.
• Көшірмесін жасауға немесе қайта шығарылуына тыйым салынған элементтер
Қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік облигациялардың немесе
жергілікті мемлекеттік облигациялардың (ондай көшірмелердің немесе қайта шығарылған
құжаттардың үстінде «Үлгі» деген белгі болса да) көшірмесін жасамаңыз немесе оларды қайта
шығармаңыз. Шетелдегі елде жүретін қағаз ақшаларды, тиындарды немесе құнды қағаздарды
қайта шығаруға немесе олардың көшірмесін жасауға тыйым салынады. Мемлекеттен алдын ала
рұқсат алынған жағдайда ғана мемлекет берген қолданылмайтын пошталық маркалардың
немесе ашық хаттардың көшірмесін жасауға және оларды қайта шығаруға болады.
Мемлекет берген маркалардың және заңмен көзделген куәландырылған құжаттардың
көшірмесін жасауға немесе оларды қайта шығаруға тыйым салынады.
• Белгілі көшірмелерге жəне қайта шығарылған құжаттарға қатысты ескертулер
Мемлекет жеке компаниялар берген құнды қағаздардың (үлестер, есептер, чектер, сыйлық куәліктер,
т.б.), жеңілдік рұқсат карталарының немесе купондық билеттердің көшірмелері мен қайта
шығаруларына ескертулер (қажетті көшірмелердің ең азы компанияның іскери қолданысы үшін
берілген жағдайлардан тыс) шығарған. Сонымен қатар, мемлекет берген паспорттардың, мемлекеттік
мекемелер мен жеке топтар берген лицензиялардың, куәліктердің және рұқсат қағаздары мен тамақ
купондары сияқты билеттердің көшірмелерін жасауға немесе қайта шығаруға болмайды.
• Авторлық құқық ескертулеріне сай болуы
Кітаптар, музыка, суреттер, ағашта ойылған басылымдар, карталар, сызбалар,
бейнефильмдер және фотосуреттер сияқты авторлық құқықты шығармашылық
жұмыстардың көшірмелері мен қайта шығарылуы ұлттық және халықаралық авторлық құқық
заңдарына бағынады. Осы өнімді заңсыз көшірме жасауға немесе авторлық құқықтарды
бұзуға қолданбаңыз.