Анықтамалық нұсқаулық
vii
Кіріспе
Дерек сақтау құрылғыларын қоқысқа тастау
Суреттерді жою және дерек сақтау құрылғыларын (мысалы, жад карталары немесе
ішкі фотокамера жады) пішімдеу бастапқы сурет деректерін толығымен жоймайтынын
ескеріңіз. Жойылған файлдар сатылатын бағдарламалық құралдың көмегімен қоқысқа
тасталған сақтау құрылғыларынан қалпына келтіріліп, жеке суреттер деректері қаскүнемдік
жасау мақсатында қолданылуы мүмкін. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз
ету пайдаланушының міндеті болып келеді.
Дерек сақтау құрылғысын қоқысқа тастағанда немесе өнімді басқа адамның иелігіне
бергенде, сатылатын бағдарламалық құралдардың көмегімен бүкіл деректерді өшіріңіз
немесе құрылғыны пішімдеп, жеке ақпараты жоқ суреттермен (мысалы, бұлтсыз аспан
суреттері) толтырыңыз. Сонымен қатар, Select an image (Кескінді таңдау) үшін баптау
мәзіріндегі Welcome screen (Сəлемдесу экраны) параметрінде (A 24, E60) таңдалған
кез келген суретті міндетті түрде ауыстырыңыз. Дерек сақтау құрылғыларын физикалық
түрде жойғанда, жарақат алмау немесе жеке меншікке зақым келтірмеу үшін абайлау керек.