Анықтамалық нұсқаулық

E39
Анықтамалық нұсқаулық
B Бейнефильмнің максималды ұзақтығы
Жеке бейнефильм файлдары ұзақ жазу үшін жад картасында бос орын жеткілікті болса да,
өлшемі жағынан 2 ГБ немесе ұзақтығы жағынан 29 минуттан аспайды.
Жеке бейнефильмнің максималды ұзақтығы түсіру экранында көрсетіледі.
Фотокамера температурасы көтерілсе, жазу шегіне жетпес бұрын аяқталуы мүмкін.
Бейнефильмнің нақты ұзақтығы мазмұнына, нысан қозғалысына немесе жад картасының
түріне байланысты өзгеруі мүмкін.
B Суреттерді сақтауға жəне бейнефильмдерді жазуға қатысты ескертпелер
Қалған кадрлар санын немесе бейнефильмнің максималды ұзақтығын көрсететін
индикатор суреттер сақталып жатқанда немесе бейнефильм жазылып жатқанда
жыпылықтайды.
Индикатор жыпылықтағанда батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяларды не жад картасын
шығармаңыз.
Олай істемеген жағдайда деректер жоғалады немесе фотокамера не жад картасы
зақымдалады.
B Бейнефильм түсіруге қатысты ескертпелер
Бейнефильмдерді түсіруге SD Speed Class рейтингі 6 немесе одан артық болатын жад
карталары ұсынылады (F20). Speed Class рейтингі төмен жад карталары қолданылғанда
түсіріліп жатқан бейнефильм күтпеген жерде тоқтауы мүмкін.
Сандық масштабтауды пайдаланғанда сурет сапасы нашарлауы мүмкін.
Жарықтық өзгергенде масштаб дөңгелегі әрекетінің, автофокус объективі қозғалысының,
дірілді азайту және апертура әрекетінің дыбыстарын жазып алуға болады.
Бейнефильмді жазумен мониторда көрінетін жарқыраған із (F3) бейнефильмдермен
жазылады. Күн, шағылысқан күн сәулесі және электр жарықтары сияқты жарқын заттарды
түсірмеген жөн.
Нысанға қашықтыққа немесе қолданылған масштабтау жиілігіне байланысты
қайталанатын өрнектері бар нысандарда (маталар, терезе торы, т.б.) бейнефильм
жазылғанда әрі ойнатылғанда түрлі түсті жолақтар болуы мүмкін (интерферограмма,
муар, т.б.). Бұл нысандағы сурет пен сурет сенсорының пішімі бір-біріне кедергі
жасағанда орын алады; бұл ақаулық болып саналмайды.