Анықтамалық нұсқаулық

E44
Анықтамалық нұсқаулық
C Кескін режимі туралы ескертпелер
Сондай-ақ, кескін режимінің параметрін A (автоматты) режимнен басқа суретке түсіру
режимдерінде өзгертуге болады. Өзгертілген параметр басқа суретке түсіру
режимдеріне де қолданылады.
Басқа функциялардың белгілі бір параметрлерін пайдаланған кезде параметр
өзгертілмеуі мүмкін.
C Сақтауға болатын кескіндер саны
Сақтауға болатын кескіндердің шамамен алғандағы саны суретке түсіру кезінде
мониторда тексеруге болады (A 10).
JPEG сығымдалуына байланысты, сақтауға болатын кескіндердің саны тіпті бірдей жад
сыйымдылығын және бірдей кескін режимінің параметрін пайдаланған кезде де кескін
мазмұнына қарай кәдімгідей әр түрлі болатынын ескеріңіз. Сондай-ақ, сақтауға болатын
кескіндердің саны жад картасының жасалу үлгісіне қарай әр түрлі болады.
Қалған кадрлар саны 10 000 немесе одан көп болса, қалған кадрлар санының
дисплейінде «9999» жазуы көрсетіледі.